Еңбек шығыны мен жалақының калькуляциясы

Еңбек шығыны мен жалақының калькуляциясы ЕНиР   негізінде  құрастырылады және технологиялық есептер мен техника – экономикалық көрсеткіштер құрастыру үшін негіз болып табылады.

Калькуляция (1 кесте) формасы бойынша құрастырылады.  Калькуляцияны құрастыру келесідей ретте орындалуы керек:

Графа 1 – ЕНиР арқылы элементтің, конструкцияның [2], уақыт нормасы мен бағасы қолданылады;

Графа 2 – жұмыстың атауы ең алдымен негізгі жұмыстар орындалады;

Графа 3 – конструкцияның өлшем бірлігі;

Графа 4 – элементтін барлығы саны;

Графа 5 – ЕНиР бойынша арқылы уақыт – нормасы жазылады [2];

Графа 6 – ЕНиР бойынша арқылы бағасы жазылады [2];

Графа 7 – графалар 4 пен 5 көбейтіп еңбек шығыны адам-сағат;

Графа 8 – графалар 4 пен 6 көбейтіп еңбекақы теңге;

Графа 9 – ЕНиР арқылы жұмыспен байланысты жұмысшылардың құрамы.

Калькуляция орындалған соң графалар 7 мен 8 карталардың астында «БАРЛЫҒЫ» есептелу керек.

1 Кесте — Еңбек шығыны мен жалақының калькуляциясы

Негіздеу

 (ЕниР)

Жұмыстардың атауы

Өлшем бірлігі

Жұмыстар көлемі

Бірлік өлшемге

Бүкіл көлемге

Звено құрамы

Уақыт мөлшері адам- сағат

Бағасы (руб.)

Еңбек шығыны, адам- сағат

Жұмыстардың құны (руб.)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

   

1 Есеп.  Бірқабатты өнеркәсіптік ғимарат құрылысына (бастапқы мәліметтер – 2 кесте) еңбек шығыны мен жалақының калькуляциясын құрастыру

Шешімі. Еңбек шығыны мен жалақының калькуляциясын құрастыру үшін жұмыстардың көлемін есептеу керек.

Бұл үшін бастапқы мәліметтер арқылы ғимараттың жоспары мен кескінін орындаймыз (1, 2 сурет). Еңбек шығыны мен жалақының калькуляциясы 1 кестеде келтірілген.

2 Кесте – Бастапқы мәліметтер

Параметрлер
Нұсқалар

1

2

3

4

5

Ғимарат ұзындығы, м

72

144

72

144

Ғимарат ені, м 48=2х24

54=3х18

36=1х36

36=2х18

Шеткі және орта ұстындар қадамы, м

12

6

12

6

Шеткі ұстындардың массасы, т

7,4

6,0

10,8

4,8

Фахверк ұстындарының массасы, т

7,0

5,1

6,0

3,3

Орта ұстындардың массасы, т

10,1

8,1

14,3

4,9

Кран асты арқалықтардың массасы, т

10,7

5

8,5

Фермалар, аралық, м

24

18

12

18

Жабын тақталары, өлшемдері, м

3х12

3х6

3х12

3х6

Қабырға панельдері, өлшемі, м

1,8х12

1,8х6

1,8х12

1,8х6

Қабырға панельдері, өлшемі, м

1,2х12

1,2х6

1,2х12

1,2х6

Құрылыс құрылымдарының төменгі белгісі

10,8

7,2

19,6

8,4

Бақылау сұрақтары

  1. Техникалық мөлшерлеу дегеніміз не?
  2. ЕНиР – дің мәні мен мазмұны ?
  3. Уақыт мөлшері дегеніміз не?
  4. Уақыт мөлшері  қандай бірлікте өлшенеді ?
  5. Өлшем бірлігі, өңдіру мөлшері дегеніміз не ?
  6. Жұмыстардың еңбексыйымдылығы қалай анықталады?
  7. Құрылыстағы жалақының түрлері?
  8. Құрылыстағы бригадалар қандай болады ?
  9. Еңбек шығыны мен жалақының калькуляциясы қандай мақсатпен құрастырылады ?

Әдебиет 

1  Атаев Н.И. и др. Технология строительного производства. – М. : Стройиздат, 1987. – 189 с.

2  Единые нормы и расценки на строительные, монтажные и ремонтно-строительные работы. Сб. 4. Вып. 1. Монтаж сборных и устройство монолитных железобетонных конструкций. – М., 1987. –225 с.

3 Строительные нормы и правила 3.03.01.-87.  ч. 3. Несущие и ограждающие конструкций. Госстрой СССР. – М. : Стройиздат, 1987. – 162 с.