Есеп саясатын дайындау

 Есеп саясатын дайындау туралы қазақша реферат

Кәсіпорынның есеп саясаты осы ұйымның құрылған уақытында дайындалады. Оны дайындаумен кәсіпорынның бас бухгалтері немесе арнайы есеп (экономикалық) бөлімі айналысады. Дайындалған есеп саясатын кәсіпорынның басшысы өзінің бұйрығымен немесе өкіметімен бекітеді.

Бұйрықтың құрамында есеп саясатының есеп беру жылына қабылданған барлық пункттерінің мазмұны толық ашылып жазылады. Сонымен қатар әр пунктте тоқтала келіп қандай нормативтік құжат бойынша немесе қандай заң негізінде есеп саясатының дайындалғандығы көрсетіледі. Қазақстан Республикасының заңдарымен қатар есеп саясатын дайындауда ұйымның ішкі құжаттары негіге алынған болса (лауазымды тұлғалар туралы, ішкі ережелер, бұйрықтар мен өкімдер тағы да басқа) міндетті түрде ол туралы түсініктеме берілуі қажет.

Кәсіпорынның есеп саясатына енгізілген өзгертулер осы ұйымның басқару құжаттарымен, яғни бұйрық, өкім немесе өаулыларымен рәсімделінуі қажет. Ұйымның қабылдап бекіткен есеп саясаты сол кәсіпорының қызмет атқруы барысында қолданылады. Оған өзгеріс енгізу мынадай жағдайларда жүргізілуі мүмкін:

  • Қазақстан Республикасының  бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы заңының өзгеруінк сәйкес;
  • Бухгалтерлік есеп бойынша нормативтік анктілердің өзгеруі салдарынан;
  • Жаңа бухгалтерлік есеп стандартына көшуге байланысты және тағы да басқа.

Кәсіпорынның бухгалтерлік есепті жүргізу жолдары ұйымның есеп саясатының дайындалған кезінде таңдалып алынады. Бұл есеп саясаты кәсіпорынның барлық құрылымдық бөлімшелеріне олардың орналасқан орындарына қарамастан қолданылады. Ұйымның филиалдарының, еншілес және тәуелді серіктестерінің  және тағы басқа бөлімшелерінің өзіндік бухгалтерлік есеп жолдарын жүргізуіне, яғни басқа есеп саясатын таңдауына құқығы жоқ.

Бас кәсіпорын қаржылық қызметінің бөлімшелерін есеп саясатындағы болған өзгерістер туралы алдын ала қамтамасыз етуі қажет.

Ұйымдардың түсініктеме жазуларында (пояснительная записка) жыл бойы орындалған жұмыстар бойынша жасалынған қаржылық талдаудың мәтінімен қатар бухгалтерлік қорытынды есеп туралы шығарылған шешім және таза табысты бөлу тәртібі жазылады. Сонымен қатар осы түсініктеме жазуда кәсіпорынның келесі жылға қабылданған есеп саясаты (егер оған, яғни есеп беру жылына өзгерістер енгізілген болса) жазылады