Кәсіпорында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру жағдайы

Кәсіпорында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру жағдайы туралы қазақша реферат

Бухгалтерлік есеп жүргізу мен қаржылық қорытынды есепті құру принципі мен ережелерін (тәртіптерін) белгілеуші бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес кәсіпорынға оперативті басшылық жасау мен оны басқару үшін, сонымен бірге инвесторлардың, жабдықтаушылардың, сатып-алушылардың,кредиторлардың, мемлекеттік органдардың, банктер мен басқадай мүдделі тұлғалардыңпайдалануы үшін қажетті кәсіпорынның шаруашылық процестері мен шаруашылық қызметінің қаржылық нәтижелері жөніндегі дұрыс және толық ақпараттарды дайындауды қамтамасыз ету бухгалтерлік қызметтің негізгі міндеті болып табылады.

Шаруашылық қызметінің түріне, көлеміне және шаруашылық жүргізудің нақты жағдайына қарай бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды жүзеге асыра отырып, “Индустриальное снабжение” жауапкершілігі шектеулі серіктестік:

—         шаруашылық операцияларын рәсімдеу үшін пайдаланылатын бастапқы құжаттардың нысандарынөкілетті орган бекіткен талаптардың негізінде өз бетінше жасап бекітеді;

—         өз бетінше бухгалтерлік есепті ұйымдастыру нысанын белгілейді;

—         бухгалтерлік есептің қаржы және басқару бухгалтерияларына функционалдық бөлінуін жүзеге асырады;

—         шаруашылық операцияларына бақылау жасау тәртібін, сонымен бірге бухгалтерлік есепті ұйымдастыру үшін қажетті басқа да шешімдерді қарастырады.

“Индустриальное   снабжение”   жауапкершілігі   шектеулі     серіктестік

бухгалтерлік есепті автоматтандырылған нысанда жүргізеді. Бухгалтелік есептің автоматтандырылған нысаны – бүгінгі күннің талабына сай, электрондық есептеу машиналарын кеңінен пайдалануға негізделген. Бұл нысан есептік процесстің бастапқы құжаттардан бастап, бухгалтерлік қорытынды есепке дейін кешендік автоматтандыруды қамтамасыз етеді.

Бухгалтердің автоматтандырылған жұмыс орнын ұйымдастыру проблемасын шешуде бірінші кезеңдерді бөліп көрсетуге болады.

Бірінші кезеңде – есеп апаратының бөлімдерінде есептеу техникаларының негізінде бухгалтердің жеке автоматтандырылған жұмыс орнын құру болжанады.

Екінші кезеңде – есеп апаратының ішінде бухгалтердің автоматтандырылған жұмыс орнының локалдік желісі жасалынады.

Үшінші кезеңде – құжаттаудың және есеп ақпараттарын өңдеудің локалдық желісі ұйымдастыру және есептеу техникасының құралдарымен бір жүйеге бірігеді.

Бұл келешекте ақпараттарды өндеудің қағазсыз технологиясын жасауға мүмкіндік береді.

Қазіргі кезде басқару және есеп аппаратының жұмыскерлері үшін автоматтандырылған жұмыс орның құрудың бірінші және екінші кезеңдерінің міндеттерін шешудің барлық алғы шарттары жасалынған.

Электрондық есептеу машинасынан алынатын жүйелік және хрнологиялық жазулары бар кез келген құжат есеп регистрі бола алады.

Зерттеу жүргізілген кәсіпорында бухгалтердің автоматтандырылған жұмыс орнын құру бугалтерлік есепті жетілдіруге мүмкіндік туғызады. Бугалтерлік есепті автоматтандыру жүйесінде әртүрлі бағдарламаларпайдаланылады. Солардың ішінде ерекше орын алатын қарапайым есепті жүргізуде де, қосарланған есепті жүргізуде де пайдаланылатын әмбебап бухгалтерлік бағдарлама – “1С: Бухгалтерия”. Бұл бағдарлама Қазақстан Республикасының заңынан туындайтын қандай да болмасын өзгерістер жағдайында жұмыс істей алады. “1С: Бухгалтерия” бағдарламасын пайдалана отырып бухгалтер шот тізбегінде, провдкалар жүйесіне және аналитикалық есеп объектілерінің тізіміне өзі түзету еңгізе алады.

Бухгалтерлік есептің автоматтандырылған жұмыс орнын қолдану мынандай мүмкіндіктерге қол жеткізеді:

—         есеп мәліметтерінің сапасы мен оперативтілігін (жылдамдығын) жоғарлатады;

—         Аралық ақпарат тасымалдаушыларды дайындауды қысқартады;

—         Қол еңбегінің, қағаз өндеу шығындарын азайтуға жағдай туғызады.

Бухгалтерлік есетің 30 “Есеп саясаты және оның ашып көрсетілуі”  деп

аталатын қазақстандық стандартына сәйкес кәсіпорынның есеп саясаты деп —  бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық қорытынды есептің мағынасын олардың принциптері мен негіздеріне сәйкес ашып көрсету үшін субъектінің басшысы пайдаланатын тәсілдердің жиынтығын айтады.

“Индустриальное снабжение” жауапкершілігі шектеулі серіктестікте қабылданған есеп саясатының басты міндеті – оның шаруашылық қызметін мейлінше шынайы етіп көрсететін толық, объективті және дұрыс ақпараттарды жасау болып табылады. Есеп саясатының сауатты түрде жасалынуы және оның есепті жыл ішінде өзгермеуі қаржылық қорытынды есеп ақпараттарын сыртқы пайдаланушылар тарапынан келіспеушіліктерді,пікір қайшылығын, шағым талаптарды болдырмауға жағдай жасайды.

Есеп саясаты кәсіпорындағы есеп жүргізу процесінің барлық аспектілерін қамтиды — әдістемелік, техникалық, ұйымдық.

Бухгалтерлік есептің әдістемелік аспектісі активтерді бағалау тәсілдері, амортизацияны есептеу тәсілдері, табыстарды анықтау тәсілдері сияқты элементтерден тұрады.

Техникалық аспект – бухгалтерлік есепті жүргізу нысанын (жеңілдетілген, автоматтандырылған) анықтайды.

Ұйымдық аспект – кәсіпорындағы бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру элементтерін қамтиды.

      Бухгалтерлік есепті жүргізу әдістемесінде “Индустриальное снабжение” жауапкершілігі шектеулі серіктестік негізгі құралдардың тозуын есептеген уақытта бірқалыпты әдіспен есептейді. Өндіріске босатылатын материалдарды бағалау кезінде серіктестік орташа құн әдісімен есептейді. Зерттеу жүргізілген серіктестікте типтік құжаттар қолданылады. Қаржылық есептілікті тапсырған уақытта кәсіпорын ескі Бас шот жоспарын қолданады.