Кәсіпорынның баланс өтімділігін талдау

 Кәсіпорынның баланс өтімділігін талдау туралы қазақша реферат

       Баланс өтімділігін талдау мәселесін қарастырар алдында, жалпы активтердің, баланстың және кәсіпорынның “өтімділігін” анықтап алу керек.

Өтімділіктің екі тұжырымдамасы белгілі. Бірінші тұжырымдама бойынша өтімділік : кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеу қабілеттілігі ұғынылады. Екінші тұжырымдама бойынша, өтімділік – бұл ағымдағы активтердің ақша қаражаттарға айналуға дайындығы мен жылдамдығы. Өтімділіктің екінші тұжырымдамасымен келісе отырып біз, өтімділік кәсіпорынның міндеттемелерін ақшаға айналу уақыты міндеттемелерін өтеу уақытымен сәйкес келетін активтерімен жабу дәрежесімен анықталады деп санаймыз. Осы айналу қаншалықты тез жүруіне кәсіпорынның төлеу қабілеттілігі мен несие беру қабілеттілігі тәуелді болады. Басқа сөзбен айтқанда, кәсіпорының өтімділігі өзінің міндеттемелерін уақыты келгенде төлеу үшін, қолда бар қаражаттарды (активтерді) тезірек жұмылдыру мүмкіндігінде жатыр. Өтімділік кәсіпорынның сөзсіз төлем қабілеттілігін білдіреді және активтер мен міндеттемелердің арасындағы жалпы сомасы бойынша да, келіп түсу уақыты бойынша да әрдайым теңдікті көрсетеді. Кәсіпорынның өтімділігі шын мәнінде баланс өтімділігін көрсетеді. Сондықтан кәсіпорынның төлем қабілеттілігін бағалау үшін бухгалтерлік баланстың көрсеткіштерін тереңінен зерттеу керек.

Баланс өтімділігін талдаудың мәні- активтегі өтімділік дәрежесі бойынша топталған қаражаттарды пассивтегі міндеттемелерін салыстыруда. Актив пен пассив баптары белгілі бір тәртіппен топталады, — өтімділігі жоғарылардан бастап өтімділігі төмендегілерге (актив), яғни өтімділігінің төмендеу тәртібі бойынша қайтару уақыты ұзақтардан қайтару уақыты қысқаларға қарай (пассив), яғни қайтару уақытын жоғарлату тәртібі бойынша болады. Кейде керісінше тәртіп болуы да мүмкін, мысалы батыс европалық елдерде осыны қолданады.

Өтімділік дәрежесіне, яғни ақша қаражаттарына айналу жылдамдығына байланысты кәсіпорын активтері келесідей топтарға бөлінеді.

      А1 Ең өтімді активтер. Әлемдік тәжірибеде бұларға кәсіпорынның ақша қаражаттарының барлық баптары мен құнды қағаздары жатады.

Ақша қаражаттары мен құнды қағаздар (қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар) – айналым қаражатының ең мобильді бөлігі. Ақшамен бірден есеп айырысуға болады, ал құнды қағаздар қолма — қол ақшаға тез айналады.

       А2 Тез өткізілетін активтер. Бұларға қысқа мерзімді дебиторлық борыш басқа да активтерді жатқызады. Дебиторлық борыш сомалары есеп айырысу шотына белгілі бір уақытта келіп түсіп, бұлар да өз міндеттемелерін төлеуге жұмсалу мүмкін. Есеп айырысу құжаттары бойынша жіберілген, сатып алушылар уақытында төленбеген тауарлар бойынша, төлеу уақыты ұзарып кеткен борыштардың өтімділігі анағұрлым төмен, себебі төлемнің қашан келіп түскені белгісіз. Бірақ нарықтық экономикада уақытында қайтарылмайтын борыштар көбіне болмайды, себебі оны қайтарып алуға алдын ала шаралар қолданылады. Кез елген дебтор айыппұл төлеу қаупінен тіпті банкрот болып жарияланудан қорқып, өзінің қарыздарын уақытында төлеуге тырысады. Сондықтан нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеп жатқан кәсіпорынның өтімді қаражаттарын есептегенде ақша қаражаттарына қысқа мерзімді дебиторлық борыштан да қосады. Бірақ әлі қалыптаспаған нарықтық экономика, инфляция, әріптестер арасында шаруашылық байланыстар бұзылған жағдайларда дебиторлық борыштың барлығы бірдей ақша қаражатына тез айнала алмайды.

Күмәнді дебиторлық борыштың үлесінің көп болуы кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қауіп төндіру мүмкін.

А3 Баяу өткізілетін активтер – Баланс активтерінің екінші бөлімнің “Тауарлы-материалдық қорлар” бабы және баланс активінің бірінші бөліміндегі “Ұзақ мерзімді инвестициялар” (жарғылық қорға кәсіпорындардың салған салымдар мөлшеріне азайталған) бабы.

Бірақ бұл кезде “Алдағы кезең шығындары” бабы есепке алынбайды. Бұл топтың активтерін ақшаға айналдыру қиынырақ: бірінші сатып алушыны тауып алу қажет, ал бұл оңай емес және белгілі бір уақытты керек етеді. Әсіресе бұл аяқталмаған өндіріске тиісті. Немістер өтімді активтерді есепке алғанда аяқталмаған өндірістің құнын қоспайды. Алаида амирикан кәсіпорындарда аяқталмаған өндіріс құнын өтімді активтердің құнына қосуға жол беріледі.

       А4 Қиын өткізілетін активтер – баланс активінің бірінші бөлімінің алдындағы топтарға еңгізілген баптарынан басқа барлық баптары. Бірінші бөлім жиынан “Ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияар” бабы бойынша соманың бір ғана бөлігі ғана алынып тасталғандықтан, қиын өткізілетін активтер құрамында басқа кәсіпорындардың жарғылық капиталға салған салымдары ғана есепке алынады.

Баланс активтерінің баптары оларды өтімділік дәрежесі бойынша топтағанда, басты орынды ең өтімді және әр жақты меншік нысаны алады – кассадағы, банктегі есеп айырысу, валюта және ағымдағы шоттардағы ақша қаражаттары. Бұдан кейін бағалы қағаздарға салынған қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар, дебиторлармен есеп айырысулар тұрады. Активтің бұл қарастырылған баптары негізінен кәсіпорынның “өтімділігін” (өтімді капиталын), яғни активтің бірінші кезектегі міндеттемелерді төлеу үшін қаражаттар алынатын бөлігін көрсетеді. Өтімділігі бұдан төмен элементтер тауарлы –материалды қорлар мен негізгі капиталдың баптарына топтастырылады. Баланс пассивтері оларды қайтару, төлеу уақытының мерзіміне байланысты топтастырылады.

П1 Неғұрлым тезірек төленуге тиісті міндеттемелер – бұларға уақытында төленбеген кредиторлық борыш, қарыздар, басқа да қысқа мерзімді міндеттемелер, жұмыскерлермен олардың  алған қарыздары бойынша есеп айырысу көлемінен асқан мөлшерде жұмыскерлерге берілген қарыздар жатады. Бұл берілген мөлшерден асу банктіңмақсатты қарыздарын  өз мақсаты бойынша пайдаланбаған дығын білдіреді және сондықтан тезірек өтеу үшін неғұрлым өтімді активтермен қамтамасыз етілуі тиіс.

П2 Қысқа мерзімді міндеттемелер – қысқа мерзімді несиелер мен заемдар және жұмыскерлерге арналған қарыздар.

П3 Ұзақ мерзімді міндеттемелер – ұзақ мерзімді несиелер мен заемдар.

П4 Тұрақты міндеттемелер – пассивтің бірінші бөлімнің “Меншікті капитал”баптары. Активы пен пассивтің балансын сақтау үшін бұл топтың жиыны баланс активінің “Алдағы кезең шығындары” бабы бойынша сомаға азайтылады.

Баланс өтімділігін анықтау үшін актив пен пассив бойынша келтірілген топтар жиындарын салыстыру керек. Баланс толық өтімді деп келесідей қатынастарда саналады:

А1 > П1

А2  > П2                                               (1)

А3 > П3

А4 < П4

Басқа сөзбен айтқанда, егер активтің сол алғашқы үш теңсіздігінің әрбір тобы кәсіпорынның сәйкес міндеттемелер тобын жапса немесе оған тең болса баланс өтімді болады, кері жағдайда баланс өтімді емес.

Жоғарыда келтірілген жүйедегі алғашқы үш теңсіздіктің орындалуы төртінші теңсіздікті орындау қажеттілігін туғызады, сондықтан актив пен пассив бойынша алғашқы үш топтың жиындарын салыстыру маңызды орын алады. Төртінші теңсіздік “баланстау” сипатын алады, сонымен қатар терең экономикалық мәні бар: оның орындалуын қаржылық тұрақтылықтың ең төменгі шарттарының сақталғандығын, кәсіпорынның меншікті айналым қаражатының барын дәлелдейді.

Егер бір жүйенің бір немесе бірнеше теңсіздігінің қолайлы нұсқаға қарама-қарсы мәні болса, онда баланс өтімділігінің абсалютті өтімділігінің азды-көпті айырмашылығы болады. Бұл кезде актмвтердің бір тобы бойынша қаражат жетіспеушілігі олардың басқа топ бойынша артылғанымен орны толтырылады, бірақ өтем тек құндық мөлшері бойынша жүзеге асырылады, өйткені нақты төлем жағдайында аз өтімді активтер неғұрлым өтімді активтердің орын баса алады.

Зерттеу жүргізілген “Индустриальное снабжение” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің баланс мәліметі негізінде кәсіпорынның өтімділігін талдаймыз кесте (3.3)

Төлем қаражаттарының бірінші тобы (А1) төлем міндеттемелерін айтарлықтай жауып тұрған жоқ, екінші бөлігі де осындай.

Актив пен пассив баптарының бірінші тобының жиындарын салыстыру жақында келіп түскен кірістер мен төлемдердің (3 айға дейінгі) қатынасын көрсетеді.

Актив пен пассив баптарының екінші тобын салыстыру  жақын уақытта күтілетін төлем тәртібінің  (3 айдан 6 айға дейін) жағдайының нашарлауы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

Жалпы алғанда баланс активі мен пассиві баптарының бірінші және екінші топтарын салыстыру ағымдағы өтімділікті анықтауға мүмкіндік береді.

                                                                                                              Кесте 3.3.

“Индустриальное снабжеие” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мәліметтері негізінде баланс активтерінің өтімділік дәрежесі және оның пассивінің төлеу мерзімінің шұғылдығы бойынша баптарының тобы.

Актив
 

Сомасы тг

 

 

 

Пассив

 

Сомасы  тг

төлеу артықшылығы (+),жетіспеушілігі(-)
Жыл басы Жыл аяғы Жыл басы Жыл аяғы Жыл басы Жыл аяғы
1 Ең өтімді активтер  

 

 

15021,98

 

 

 

10654293

1 Тез арада теленуге тиісті міндет-лер  

 

 

4769248,9

 

 

 

73051013

 

 

 

-4618927

 

 

 

-62396720

2 Тез өткізілетін активтер  

 

7569543,4

 

 

63584739

2 Қысқа мерзімді міндет-лер

 

—-

 

—-

 

 

7569543,4

 

 

63584739

3 Баяу өткізілетін активтер  

 

 

6965439,3

 

 

 

21277952

3 Ұзақ мерзімді міндет-лер

 

 

 

 

 

9930000

 

 

 

23408436

 

 

 

-2964506,7

 

 

 

-2126484

4 Қиын өткізілетін активтер  

 

55344,2

 

 

1363986

4 Тұрақты міндет-лер  

 

41399,98

 

 

433842,88

 

 

1394,22

 

 

930143,6

Жиынтығы 14740648 96880972 Жиынтығы 14740648 96880972     —-     —-

Талданып отырған кәсіпорынның жыл басында да, аяғында да баланс баптарының осы екі тобының мәліметтері бойынша төлеу қабілеттілігі бар деуге болады. Ең өтімді және тез өткізілетін активтердін сомасы жыл басында 7719865,3 теңге (153021,98+7569543,41) құрады, ал тез қайтарылуға тиіс және қысқа мерзімді міндеттемелердің, яғни жалпы ағымдағы активтер –4769248,9 теңге, бұл – 2950616,4 теңге (4769248,9-7719865,3) немесе (4618927+7569543,4) төлем қаражатынан аз.Жыл соңындағы төлем қаражаты 1188019,15 теңгені (10654293,49+63584739,56)-(73051013,9+0) құрады.

Баяу өткізілетін активтерді ұзақ мерзімді міндеттемелермен салыстыру перспективалы өтімділікті бейнелейді және болашақ кірістер мен төлемдерді салыстыру негізінде төлем қабілеттілігін жобалауды көрсетеді, яғни кәсіпорынның бұдан да алыс алдағы уақытқа қаржылық жағдайының жақсаруы немесе нашарлауын алдын ала біліп отыруға мүмкіндік береді. Талданып отырған кәсіпорында жыл басында да, соңында да төлем қаражаттарының жетіспеушілігін көрсетеді. Егер жыл басында оның мөлшері –296456,7 теңге болған болса, жыл аяғында –2130484 теңгені құрады, немесе есепті жылы 0,7 есеге өсті.

Баланс активі мен пассиві баптарының төртінші тобының жиындарын салыстыру кәсіпорынның оның иеленушілері (меншік иелері) алдыңдағы міндеттемелерін жаба алу мүкіндігін көрсетеді. Бірақ бұл кәсіпорын жабылатын кезде ғана керек болады, ал үздіксіздік принципін сақтау немесе жұмыс жасап жатқан кәсіпорын үшін шаруашылық субъектінің өз меншікті айналым капиталының болуы талап етіледі. Ол үшін жоғарыда келтірілген теңсіздік сақталуы тиіс:  А4 < П4, яғни меншікті қаражаттардың көзі иммобильді активтерден көп болуы керек. Талданып отырған кәсіпорында бұл теңсіздік сақталмаған.

Жыл басы мен аяғында баланс активінің баптарының жиыны пассив баптарының жиынынан сәйкес 13944,22 теңге және 930143,6 теңгеге көп болған, бұл кәсіпорынның қаржылық жағжайының нашарлағанын көрсетеді. Себебі оның өзінің үздіксіз қызметін жүзеге асыру үшін меншікті айналым капиталы болмаған.

Берілген схема бойынша жүргізіліп жатқан талдау уақытылы есеп айырысу мүмкіндіктері бойынша қаржылық жағдайды толығымен көрсетеді. Алайда ол берілген кезеңдегі кәсіпорынның нақты қаржылық жағдайын әрқашан да дәл көрсете алмайды, оның себебі – бухгалтерлік есеп берулер негізінде сыртқы талдау жүргізіп жатқан талдаушының ақпараттарының шектеулілігінде. Баланстың өтімділігін бұдан да дәл бағалауды есеп мәліметтерін пайдалану негізінде, яғни қаржылық жағдайды ішкі талдау шеңберінде жүргізуге болады. Бұл жағдайда басты назарды дебиторлық борышқа (оның мөлшеріне, төлеу уақытына, дебиторлардың есеп айырысу көздеріне) аудару керек, себебі ол ақша қаражатына ең жақын тұр және қысқа мерзімді қарыздар бойынша борыштарды жабудың негізгі көздері болып табылады. Көрсетілген схема бойынша жүргізіліп отырған талдау баланс өтімділігіне кешенді баға беруге мүмкіндік береді. Өтімділіктің жалпы көрсеткіші келесі формуламен есептелінеді:

Кжө = а1А1+а2А2+а3А3 / а1П1+а2П2+а3П3  (2)

Мұндағы :   Кжө — жалпы өтімділік коэффиценті.

а1,а2,а3 – салмақтық коэффиценттер.

А мен П – актив пен пассив бойынша сәйкес топтарының   жиындары.

Баланс өтімділігінің жалпы көрсеткіші кәсіпорынның барлық өтімді айналым қаражаттарының сомасының барлық төлем міндеттемелерінің сомасына қатынасын көрсетеді, бірақ мына шарт орындалса: егер өтімді қаражаттар мен төлем міндеттемелерінің әр түрлі топтары көрсетілген сомаларға қаражаттың түсуі мен міндеттемелердің өтелуін есепке алатын, салмақтық коэффиценттермен бірге кіруі шарты орындалған кезде ғана.

Бұл теориялық мәні 0,9-дан төмен болмауға тиіс көрсеткіш кәсіпорынның міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша қашықтағы және таяу арадағы есеп айырысуды жүзеге асыру қабілетін көрсетеді. Ол тіркелген кәсіпорынның әр түрлі есепті кезеңдерге жататын баланстарын және әр түрлі кәсіпорындардың баланстарын салыстыруға және егер салмақтық коэффиценттерін келесі шектеулерге бағынған жағдайда қай баланс өтімді екендігін анықтауға мүмкіндік береді:

а1 > а2 + а3;

а2  > а3;    (3)

а3 < 0.

Бұл шектеулер қаржылық жағдайларды баланс өтімділігі дәрежесі бойынша саралауды және әр түрлі жағдайларда тәртіптің қатынасын беретін шарттарды қарастыру бағасына негізделген.

Салмақтық коэффиценттердің жиыны сәйкес келеді:

а1 = 1;  а2 = 0,5;  а3 = 0,3.                                                                 (4)

Сонда өтімділіктің жалпы көрсеткішінің берілетін түрі;

Кжө = А1+0,5А2+0,3А4 / П1+0,5П2+0,3П3   (6)

Осы көрсеткіштің көмегімен кәсіпорынның төлем қабілеттілігіне және кәсіпорындағы өтімділік жағынан қарастырғандағы қаржылық жағдайының өзгерістеріне жалпы баға беріледі. Бұл көрсеткіш, сонымен қатар, есеп берулер негізінде өте көп әлуетті әріптестерінің ішінен ең сенімді әріптесті таңдағанда қолданылады.

“Индустриальное снабжение” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің көлемі жыл басында 0,7, ал жыл соңында 0,6 құрады, яғни 0,1 пунктке төмендеген, бұл көрсеткіш теориялық мәніне (0,9-дан төмен болмау) сәйкес келмейді, ал бұл кәсіпорынның төлем қабілетсіздігін көрсетеді.

Алайда бұл көрсеткіш кәсіпорынның қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеу жөніндегі мүмкіндіктерін көрсете алмайды. Сондықтан, осы көрсеткішпен қатар, кәсіпорынның төлем қабілеттілігін бағалау үшін, өтімді қаражаттардың жиынымен ажыратылатын, өтімділік көрсеткіштерінің бүтіндей жүйесі қолданылады. Кәсіпорын жоғары немесе төмен дәрежеде өтімді болуы мүмкін, себебі ағымдағы активтердің құрамына әртекті төлем қаражаттары кіреді, бұлардың ішінде қысқа мерзімді міндеттемелерді жабуға арналған оңай өткізілетін де, қиын өткізілетін де қаражаттар болады. Қарастырылған жүйедегі маңыздылары болып үш көрсеткіш саналады: абсолютті өтімділік коэффиценті, жабудың аралық коэффиценті және жабудың жалпы коэффиценті.