Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығын реттеу. Қор биржалары

Бағалы қағаздар нарығын кұру және дамыту шаруашылықты бір орталықтан қаржыландырудың тиімсіз жүйесін және сала-аралық қайта бөлуді өзгертуге, нарықтық құрылымдардың инвестицияға деген сұраныстарын қанағаттандыруға және бұл нарыққа салааралық капиталдың қайта құйылуын реттеуші болуға, ірі кәсіпорындар мен банктер жұмысынын барометрі болуға мүмкіндік береді. Бағалы қағаздар нарығының дамуы экономканы котеруге мынандай шараларды іске асырғанда ғана ықпал етеді.
 Тауар нарығын қалыптастыру, монополиясыздандыру, шағын кәсіп-орынды қолдау, ақша айналысын нығайту.
Тауарлар мен қор құндылықтарының биржалық саудасы таяу арадағы ресурстарды қорландыру жүйесінен және бір орталықтан капитал жұмсалымдарын үлестіруден тауарлар және қаржы тасқындарының нарықтық реттеу әдісіне өтуге мүмкіндік жасайды. Акцияларды шығару мемлекеттік құрылымдары мемлекет иелегінен алудың ең басты құралдарыный біріне және өнеркәсіпті жандандыру мен қайта құруда жеке және заңды тұлғалардың ақшалай табыстарын жұмылдырдың тиімді құралдарына айналуда. Сондықтан да бағалы қағаздар нарығына қатынасушылардың барлығының алдында бағалы кағаздармен жасалатын операциялардың теориясы техникасын игеру; биржалық істі регламенттеуді үйрену; мемлекеттік кәсіпорындарды акционерлеу және жекешелен -руге байланысты іс-тәжірибелерді игеру міндеттері тұрады. Бағалы қағаздар нарығынын міндеті — бағалы қағаздарды сатушылар мен сатып алушылардың көңілінен шығатын бағада инвестицияға толық қаражат жұмсауды қамтамасыз ету болып табылады.
Бұл міндеттерді шешу бағалы қағаздар нарығында қызмет етуші делдалдардың — брокерлер мен инвестициялык дилерлердің катынасуынсыз мүмкін емес. Тек қана солар бағалы қағаздар нарығын қандай жағдайда да, кашан, қандай шартпен және қандай бағалды қағаздар шығару қажет кендігін біледі. Бұл жерде брокер бағалы қағаздарды сатушыларды сатып алушалармен кездестіріп, ол үшін комиссиондық ақы алса, ал инвестициялық дилер өз есебінен және өз атынан бағалы қағаздарды сатып ала отырып, кейіннен қайта сатады. Қайта сатудан түскен түсім оның пайдасын құрайды. Өз жұмысында брокерлік және Дилерлік операцияларды жүзеге асырушы ірі инвестициялық компаниялар ішкі бағалы қағаздар нарығының басты тұлғалары болып саналады.
Қазақстан Республикасының заңында көрсетілетін бағалы қағаздар нарығының негізгі идеологиясы келесідей қағидалардан тұрады:
-әрбір потенциялды инвестор үшін бағалы қағаздарды эмиссиялаудың барлық түрлері бойынша толық және тура ақпараттардың болуы;
-бағалы қағаздар нарығының қатынасушыларының (инвестициялық фирмалардың, қор биржалары және тауар биржаларының қор бөлімдері, брокерлік фирмалар және т.б.) біліктілігі.
Бұл аталған мекемелердің жұмырындағы кәсіби сапасы туралы қойылатын талаптардың маңызы арта түседі. Инвестицялық қор ретінде құрылатын кез келген заңды тұлғаның штабында бағалы қағаздармен жұмыс жасай алатын маман болуы міндетті. Ол алғашқы және қайталама бағалы қағаздар нарығының дамуы туралы хабардар болуға тиіс.
Қазақстан нарықты обьективті түрде реттеу үшін мыналар қажет: біріншіден, оның мемлекеттік сектордың кәсіпорындармен қалыптасып келе жатқан шағын және орта бизнесті, сол сияқты үкіметтің бюджетінің тапшылығын қаржыландыру үшін қажетті ресурстарды іздестірумен тікелей байланысты болуы;
екінші республика азаматтарына бағалы қағаздар сатып алуға және сатуға мүмкіндік беретін үкіметтің жекешелендіру стратегиясымен байланысты болуы;
үшіншіден, ақша массасына ұлттық банк жағынан бақылау жасауда жаңа жанама механизмдерді қалыптастыру үшін, мемлекет жағынан нарықты реттеудегі біліктілік республикамыздағы нарыққа өтудегі жаңа көптеген мәселелерді шешуге көмектеседі.
Біздің экономикалық жағдайымызда немесе әлемдік нарыққа енуіміздегі ең өзектісі, бұл әлемдегі бағалы қағаздар нарығына байланысты жинақталған барлық кұндылықтарды оқып үйрену және хабарлау болып табылады.
Қор нарығын мемлекеттік реттеудің қажеттігін әлемдік тәжірибе көрсетіп берді. Ол әр елдегі өзіндік ерекшеліктерге қарай ескерілетін жағдайда, мемлекеттік реттеудің формалары мен әдістерінің ортақ үлгісін жасайды.
Қазақстанда енді қалыптасқан қор нарығы әзірге жеткіліксіз жағдайда реттелуде. Оған қол жеткізу үшін инвесторлардың мүддесін қорғайтын және бағалы қағаздар нары-ғының тұрақтылығын қамтамасыз ететін заңдылықтарды тез арада дайындау қажет.
Бағалы қағаздар нарығына қатысты мемлекеттік саясаттың негізін жасауда өзін-өзі реттеу қағидасына көңіл аударуға тиіс. Осыған байланысты мемлекеттік саясат бұл сферадағы жеке кәсіпкерлікті марапаттауға бағытталуы тиіс.
Бағалы қағаздар айналысы сферасындағы жеке бастама қолдауға байланысты шаралармен қатар, қор нарығы субектілерінің қызметіне мемлекеттік, әкімшілік және жаңа (экономикалық) бақылау қою шараларының жүйесін жасау сол сияқты экономикалық қор секторындағы нарықтықтарға толық мемлекеттік араласу жүйесін дайындау жасау Экономикалық бақылау шаралары мемлекеттік қызмет арқылы дербес нарық агенті ретінде жүзеге асуы тиіс.
Бағалы қағаздар нарығына мемлекеттік ықпал мақсаты мынадай:
— макроэкономикалық теп-теңдікті қамтамасыз ету.
— нарықтық ортаның бәсекелестік қабілетін қамтамасыз ету;
— бағалы қағаздар нарығы агенттерінің мүдделерін құқықтық және
экономикалық қорғау;
Құқықтық қорғау. бағалы қағаздарды әкімшілік-мемлекеттік тіркеу; бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатынасушылардың қызметтеріне лицензиялар және сертификаттар беру, бағалы қағаздар нарығына жіберу ережелері, шетел инвесторларын бағалы қағаздар нарығына жіберу ережелері.
Экономикалық қорғау. бағалы қағаздармен жасалатын операциялар бойынша салықтық жеңілдіктер жүйесін жасау дане қолдану; мемлекеттік бағалы қағаздармен жасалатын операциялар жолымен нарықтағы сұраныс пен ұсынысты реттеу.
Нарық экономикасы дамыған елдерде инвестициялық бизнесті бақылауға және реттеуге мүмкіндік беретін, яғни заңдар мен арнайы органдардан басқа да сол саланың өздерінде өзін-өзі бақылау және өзін-өзі реттеуді қамтамасыз ететін «заңдар» мен «ведомостволар» бар.
Өзін-өзі реттеу екі негізгі элемент арқылы анықталады:
-стратегияны анықтаумен айналысатын ұйымдардың өздері мәміле жасасу
тәжірибесіне қатынасады; өзін-өзі реттеуші ұйымдар қоғамдық органдар
есебі-нен емес, негізінен нарықтың есебінен қаржыландырылады.
Өзін-өзі реттеу жүз жыл бойы қалыптасып өзінің тиімділігін сақтап келеді, себебі, бұл бағалы қағздар нарығына қатынасушылардың экономикалық мүддесінде болады. Қазіргі өзін-өзі реттеу, мемлекеттік реттеумен қатар, бағалы қағаздар облысындағы бизнес үшін тиімді реттеу құралы болып қала беруде.
Өзін-өзі реттеу өзінің көп жылдық іс-тәжірибесінде нақты нарықтардың талабын және жергілікті сұраныстарды, жергілікті бизнес тәжірибелерінің ерекшеліктерін, жұмсалымсалымарды қорғау, кедендік, құқықтық және саяси талаптарды ескеру қажеттігін басынан кешті.
Сонын нәтиіжесінде әр түрлі дәрежеде өзін-өзі реттеу қалыптасты. Мемлекттік және өзін-өзі реттеуші ұйымдардың арасындағы ынтымақтастық, жүйенің өміршеңдігінің маңызды шарты.