Қазақстан жерін мекендеген халықтар

Қазақстан Халықтары ассамблеясының X сессиясында сөйлеген сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев, бұл жылда этникалық отаны Ресей болып табылатын, бірақ Қазақстанда тұратын халықтардыңмәдениетін дамытуға күш салу керек деп мәлім деді. Әңгіме орыс, татар, шешен, ингуш тағы басқа ұлт өкілдері туралы болып отыр.Осы ретте Қазақстан Халықтарының достығын, ұлтаралық ынтымақты сақтау тәжірибесін Ресей де үйренуге тырысатын сияқты. Оны ұлтаралық келісімді нығайтуға бағытталған бүгінгі Москва саясатының аңысынан анық аңғаруға болады.

Біздің көпұлтты Отанымызда бірлік ең маңызды, ең басты құндылық. Қазақстанда мекендейдейтін барлық ұлт жақсы өмір сүруге ұмтылуда. Сонымен бірге әрқайсысы өзінше даму үрдісімен алға басуда. Бұл жерде олардың өткені, яғни  тарихы мен ұлттық ерекшеліктерінің әсері мол әрине.

Қазақстан Халықтары Ассамблеясының басты мақсаты осы көпұлтты мемлекетімізде бір-біріненүйренуді, тәжірибе алмасуды насихаттау. Аға буын мен өскелең ұрпақтың арасында байланыс орнату, бір-біріне деген сүйіспеншілікті қалыптастыру. Әсіресе, жастарға екі жүзді, даңғаза, ұраншыл ұлтжандылықтан гөрі шыншыл, таза, жанашыр ұлтжандылықты айыра білуді үйреткен ләзім. Егер олар елді жарқын болашаққа бастай білетін көшбасшыны сөзі сұйық саясаткерлерден ажырата білсе, келешекте еліміздің іргесі бұзылмайтыны әрі ауыз бірлігі ірімейтені ақиқат.

Бүгіндері бүкіл әлемге танымал болған Қазақстан Халықтары Ассамблеясының тәжірибесін жер-жерде қолдануда. Бұл туралы Астана қаласына келіп қайтқан сапарында БҰҰ-ның Бас хатшысы Кофи Аннан мырза да мақтанышпен айтты.

Жалпы қандай ұлттық болсын басын қосатын құндылық-олардық тілі, тарихы, салт-ддстүрі туған халқына деген  құрметі. Тарихтың  аласапыран    жылдарында  атажұрттан  қол  үзіп қалған  әрбір  ұлт  өкілдері   осы байлықты жоғалтып алмас үшін жанталаса еңбек. Соның  негізінде елімізде ұлттардың өз ұйымдары бой көтере бастады. Шынын айту керек, Кеңестер Одағы тарағаинан кейін көптеген елдердегі ірілі-ұсақты халықтар арасында қақтығыстардың орына алғаны белгілі. Ал, Қазақстанда ондай қақтығыетарға жол берілген жоқ.