Кітап (оқулық) туралы қазақша мақал-мәтелдер

Кітап — алтын қазына.

Кітап алтын сандық:
іші толған қазына, құт,
оқы, оқы, ойыңа тұт.

Кітап — білім бұлағы,
Білім — өнер шырағы.

 

Кітап — ғалым, тілсіз мұғалім.

 

Кітап көзі жұмыққа арзан,
көзі ашыққа маржан.

 

Кітап — қаймақ, білім — оймақ.

 

Кітап — оқығандікі, білім тоқығандікі.

 

Күш – білімде, білім – кітапта.

 

Наданмен дос болғанша,
Кітаппен дос бол.