Коммерциялық банктердің құрылымы және заңдық ұйымдасуы

Банктердің пайда болуы мен шығу тарихы, басқа да халықаралық қалыптасулар секілді, олардың пайда болуымен ғана байланысты емес,олардың мәні одан да зор болып келеді. Қысқаша айтқанда, олардың мәні өндірістік күштердің өсуінің нақты тарихи үдерістеріне байланысты болып табылады. Өндірістің материалдық және материалдық емес сфералардың даму бағыттары қоғамның бір этаптан басқа этапқа көшу қозғалысын реттейді. Осы тұрғыдан банктік жүйенің даму үрдісін байқауға болады.
Алғашқы кездерден бастап банктердің пайда болуымен қызмет етуі, өзінің дамуында бірнеше тарихи кезеңдерден өткен ақша эволюциясына байланысты. Ежелгі Рим және антикалық Грецияда ақша рөлін мал атқарған кезде, ешқандай банктер туралы сөз болуы мүмкін емес еді. Бірақта, ежелгі және қазіргі заманғы тарихта да банктердің қандай операцияларды орындаумен байланысты пайда болғаны жөнінде толық мәліметтер жоқ. Сондықтан да эканомикалық әдебиетте банктердің шығу тарихы толық анықталмаған, ал қазіргі жаңа тарихтардағы мәліметтер бойынша банктердің пайда болуын метал ақшаның пайда болу кезеңіне жатқыза аламыз. Осы жерде француз елінің мақалын келтіре кету артық емес: «Егерде тиын домалақ болса-ол айналуы керек». Оның айналымы банк арқылы жылдамтылады. Кейбір ғалымдардың айтуы бойынша, банктер феодализм кезінде пайда болды, ал басқа ғалымдардың ойы бойынша ақша және несие қатынастары құлиеленушілік қоғам болған кезде де өз орнын алған еді.
Банк деген ұғым не, ол қалай пайда болды деген сұраққа жауап іздестірейік «Банк» деген ұғым италиян сөзі «bank»-орындық, «айырбас орындығы»-айырбас орны дегенді білдіреді.
Тарихта банктердің ең қарапайым қызметі, мысалы тұқым сатып алуға ақшаны несиеге алған жағдай жаңа эраға дейінгі Вавилонда кездескен. Сол сияқты ақшаны несиеге алып ертедегі Египетте, Грецияда, Римде зәулім ғимараттар салған. Ал фоедализмге өту кезінде тауар-ақша айналысы және несие қатынастардың ауқымы тарылып, тек XIII-XIV ғасырларда сауданың кең өрістеуіне байланысты төлем делдалы ретінде банк ісі қарқынды өрістей бастаған. Ортағасырда банк ісінің орталығы Италия, Германия, Нидерланды болып саналса, ал ерте капитализм жағдайында Англия болған.
Капиталистік банктердің алғашқы ізашарлары Флоренция мен Венецияда 1587ж. айырбас ісінің негізінде, яғни әр түрлі  қалалардың ақшасы пайда болды. Банктердің негізгі операциялары ақшаны сақтау, қабылдау мен ақшасыз есеп айрысуды жүргізу болған. Ақшасыз есеп айырысуды жүргізудің мәні-екі клиенттің қатысуымен банктердің кітабына бір шоттан екінші шотқа белгілі бір соманы аударып жазу.Кейінірек ол осындай негізде Амстердамда (1609ж.) және Гамбургте (1618ж.) ұйымдасты
рылды. Бұл банк ісінің анайы түрі еді. Бұл кезде банктер саудаға және есеп айырысуға қызмет еткенмен, олардың өндіріспен, өндірістік капиталисттің қайталама айналымымен байланысты аз болды, несие ақшаларын шығару қызметі де дамыған жоқ. Ал капиталисттік банктер керісінше ұдайы өндірістің өнеркәсіп және сауда капиталының қажеттілігінен пайда болды. Натуралды шаруашылықтың ыдырауы, сауда мен тауар айналысының дамуы есеп айырысу мен несиенің маңызын артырды. Жалдамалы еңбекке көшу халық табысының көп бөлігін ақша түрінде төлеуге мәжбүр етті. Тұрақты ақша айналысы пайда болды, оны ұйымдастыру мен техникалық жағынан қамтамасыз етуді банктер өздеріне алды.
К.Маркс банктердің пайда болуы туралы былай деген: «Кәсіпкерлік
тің ерекше саласы пайда болды, себебі ол ерекше сала ретінде барлық таптардың ақша механизмін қамтамасыз етеді, ол шоғырланып, ірі масштабта жүргізіледі». Сонымен қатар банктер «несие ісінің екінші жағы-өсім әкелетін капиталды да» басқарады. Өйткені банктер фирмалар мен  үлкен мекемелердің және халықтың жинағы мен табыстары сияқты уақытша бос ақша қаражатын да шоғырландырып және оны несиеге беру арқылы несие үшін ақы төлеп, табыс табады. Банктер іріленген сайын тұтас несие беруші ретінде капиталистік кәсіпкерліктің дербес саласына айналады. Банктердің түрлеріне келетін болсақ, олар келесідей бөлінеді:
Эмиссиялық банк-ол айналысқа ақша белгілерін эмиссиялауға, шығаруға құқысы бар, әдетте, орталық банк. Әр мемлекеттерде орталық банк әртүрлі аталады. Мысалы, бұрынғы КСРО-да ол мемлекеттік деп, ал қазіргі Қазақстанда-Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі деп аталады. Мемлекеттің Орталық банкінің негізгі мақсаты айналысқа ақша бірлігін шығару, банктерге ерекше тауар ақша белгісін сату және банк жүйесінің несие-есеп, эмиссиялық жұмысын басқару. Ол елдің екі деңгейлі банк жүйесінің-жоғары деңгейдегі банк.
Мемлекеттегі басқа банктердің барлығының да ақша белгілерін шығаруға құқы жоқ эмиссиялық емес банктер. Олар екінші деңгейлі, инвестициялық, инновациялық, ипотекалық және тағы да басқа банктер.
Екінші деңгейлі банктер-клиенттерге қызмет түрлерін үнемі ұлғайтып тұратын әмбебап үлгідегі банк. Ал басқа банктер бір-екі қызмет түріне маманданған банктер.
Инвестициялық және инновациялық банктердің екі түрі де ұзақ уақытқа ақша қаражатын шоғырландырумен маманданады, яғни олар акция, облигация және басқа бағалы қағаздар шығару арқылы ақша тартып, кейін ұзақ мерзімге қарызға береді. Инвестициялық банктер кәсіпкерлерге қарыз берсе, ал инновациялық банктер технологиялық жаңалықтарды өңдеуді және оны игеруді несиелейді.
Ипотекалық банктер-жерді және жылжымайтын мүліктерді кепілдікке алып, ұзақ мерзімге несиеге береді. Олар ипотекалық облигация, акция және басқа бағалы қағаздарды сату арқылы ақша жинақтайды.
Алғашқы банктер XVIII ғасырдың екінші жартысында мемлекеттік (қазыналық) банк түрінде пайда болды, XIX ғасырдың аяғы және XX ғасырдың басында Ресейдің банк жүйесі негізінен мынадай банк-несие мекемесінен құрылды: мемлекеттік банк (1860ж. құрылған), қоғамдық қалалық (252 банк) және жер белгілері; көп буынды жеке банктер: акциоенерлік банктер (49 филиалдары бар 44 банк), өзара несиелейтін қоғамдар (83), екінші денгейлі банктер (32), несие-жинақтау серіктестіктері (729). Бұлардан басқа банктік операциялардың көпшілігін жүргізіп, сонымен қатар жоғары қауыпты операциялар жүргізу үшін клиенттердің қаражаттарын тартумен шұғылданатын банктік кеңселер, сауда үйлері, айырбастау дүкендері болды.
1917жылы қазаң төнкерісінен кейін банк ісін ұиымдастыруды мемлекет монополиялы түрде өз қолына алып, нәтижесінде жеке екінші денгейлі бактер мен басқа несие мекемелері Мемлекеттік банкпен біріктірілді.
90-шы жылдың басында банктердің саны 200-ден асты, әрине бұл олардың экстенсивті жағынан дамуын сипаттаса, сол жылдың орта кезінен бастап, күні бүгінге дейін банктерімізідің саны біртіндеп азаюда, ал бұл құбылысты олардың қарқынды өсуімен байланыстыруға болады.
ҚР екінші деңгейдегі банктері ҚР Ұлттық банктің берген лицензиясы негізінде қызмет етеді.