Құрылыс өндірісі шығындарының есебі және оның ерекшеліктері

Құрылыс өнімі болып ғимарат, қондырғылар, өндіріс күштері, тұрғын үйлер, мәдени – тұрмыстық объектілер және тағы басқалар саналады. Құрылыс құны сметамен анықталады. Смета – объектіні салуға кететін қоғамдық қажетті шығындарды санау, яғни құрылыс өнімінің құны.

«Строймонтаж-Кызылорда» ЖШСсметаны жасауда құрылысқа қажетті материалдар шығындарының, конструкцияның, детальдардың, еңбекақы шығындарының, материалдардың нарықтық бағасының сметалық нормалар және үстеме шығындардың нормалары қолданады. Жобалы – сметалы құжатта жасағанда бухгалтерлік есептің мәліметттері қолданылады.

Сметалық құжаттар құрылымында келесі түсініктемелер қолданылады. Олар:

  1. Құрылыстың объектісі – жеке ғимараттар (өндірістік цех, қойма, тұрғын үй және т.б.), оған жататындар барлық құралдар, жиһаздар және қосалқы бөлшектер.
  2. Өндірістік құрылыс немесе тұрғын үй кешенінің құрылыс объектілеріне: сыртқы қосалқы құрылыс жайлары (сумен, газбен, электр энергиясымен, жылумен қамтамасыз ету, канализаціия), кіре беріс (подъезд) жолдары, басқа да қоғамдық жұмыстар жатады.

Құжаттамалардың сметалық құрамы дайындалған жобалық сметасы мен объектінің техникалық күрделілігінің тәуелділігімен анықталады.

Жобаның құрамына келесілер енеді:

  • шығындарды жинақтау (қажеттілік туындаса);
  • жиынтық сметалық есеп;
  • құрылыс құнының сметалық есебі;
  • объектінің және жергілікті (локальды) сметалар;
  • объектінің және жергілікті сметалық есептер (қажеттілік туындаса);
  • жеке шығындар түрлерінің сметалық есебі (қажеттілік туындаса).

Сметалық құжаттамада бір мезгілде құрылыс объектісінің сметалық құнының ведомосты мен қоршаған ортаны қорғаумен байланысты жұмыстар және объектінің сметалық құнының ведомосты дайындалады.

Сметалық есептерді құру кезінде келесі шығын баптары қолданылады: материалдар, негізгі еңбекақы, құрылыс машиналары мен механизмдерін пайдалану бойынша шығындар, басқа да шығындар, үстеме шығындар. Алғашқы төреуі болып құрылыс монтаждық жұмыстарды жүзеге асыру кезіндегі тікелей шығындар болып саналады.

Бухгалтерлік есеп стандарттары бойынша мердігерлік келісім —  шарт бойынша келесі тікелей және үстеме шығындар құрамы анықталады:

Кесте-7.  Тікелей және үстеме шығындар құрамы

Тікелей шығындар

Учаскедегі құрылыс жұмыстарын жүзеге асырып отырған жұмысшылардың еңбекақысы және одан аударымдар бойынша шығындар;
  Құрылыста пайдаланылатын материалдар шығыны
  Құрылыс учаскесінде және негізгі құралдарды және материалдарды орын ауыстыру бойынша шығындар;
  Жұмыстарды орындау үшін негізгі құралдарды жалға алу шығындары;
  Авторлық қадағалау және жобалау бойынша шығындар;
  Ақауларды жөндеу бойынша шығындар және кепілдік жұмыстар

Үстеме шығындар

Құрылыс жұмыстарына кететін қызмет көрсетуге кететін шығындар;
  Санитарлық – гигиеналық және мәдени тұрмыстық жағдайларды қамтамасыз ету бойынша шығындар;
  Еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздік бойынша шығындар;
  Құрылыс аландарындағы жұмыстарды ұйымдастыру шығындары;
  Үстеме шығындарының нормаларына есепке алынбаған, бірақ та үстеме шығындарға жататын шығындар

 

 

 

«Кызылорда-Строймонтаж» ЖШС-де құрылыс жұмыстарының өндірісіне жұмсалған шығындардың бухгалтерлік есебі №12 «Күрделі құрылысқа мердігерлік келісім — шарттар» бухгалтерлік есеп стандартына, сондай – ақ оны қолдану  тәртібін анықтайтын ережелерге сәйкес жүргізіледі [11]. Осы стандартқа және оған берілген әдістемелік нұсқауларға сәйкес мердігерлік келісім – шарт бойынша шығындар тікелей, үстеме және келісім шартына сай тапсырыс берушімен өтелетін басқадай шығындарға бөлінеді.

Шығындарды экономикалық элементтері бойынша топтастыру алғаш рет құрылысқа 1983 жылы 12 қаңтарда КСРО Қаржы министрлігінің «Құрылыста өндіріске жұмсалған шығындарды экономикалық элементтері бойынша есептеу нысаны туралы» хатымен енгізілді [14].>

<><Біздің ><ойымызша, ><өндіріске ><жұмсалған ><шығындар ><есебінің ><маңызын ><анықтау, ><техникалық ><жағынан ><басқа, ><өндіріске ><жұмсалған ><шығындар ><есебін ><түрлендіруді ><немесе ><басқару ><есебінің ><өндірістік ><қызметін ><ұйымдастыруға ><әр><түрлі ><тәсілдерді ><қамтуы ><тиіс. ><Осылайша, ><шығындар ><есебінің ><мазмұнын ><анықтау ><кәсіпорындарда ><оны ><ұйымдастыруды ><үл><гілеудің ><шынайы ><алғышарттарын ><жасайды.

«Кызылорда-Строймонтаж» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде  құрылыс жұмыстарының өндірісіне жұмсалған шығындардың бухгалтерлік есебі №12 «Күрделі құрылысқа мердігерлік келісім — шарттар» бухгалтерлік есеп стандартына , сондай – ақ оны қолдану  тәртібін анықтайтын ережелерге сәйкес жүргізіледі. Осы стандартқа және оған берілген әдістемелік нұсқауларға сәйкес мердігерлік келісім – шарт бойынша шығындар тікелей, үстеме және келісім шартына сай тапсырыс берушімен өтелетін басқадай шығындарға бөлінеді.

Шығындарды экономикалық элементтері бойынша топтастыру өндіріске не жұмсалғанын, әрі қанша жұмсалғанын көрсетеді. Осылай топтастыру нәтижесінде статистика органдары ұйымдардың өндіріс шығындары туралы статистикалық есеп берулерінің мәліметтеріне сүйене отырып экономика салаларында құрылған ұлттық табыстың мөлшерін анықтауға мүмкіндік алады. Шығын элементтері, калькуляциялық баптарға қарағанда, одан әрі құрамдас бөліктерге бөлінбейді.

Құрылыста тікелей шығындарға материалдық шығындар, өндірістік жұмысшылардың негізгі еңбек ақысы және құрылыс машиналары мен механизмдерін пайдалану шығындары жатқызылады.

Құрылыс өндірісі – материал сіңірімділігі жоғары саланың бірі.  Себебі құрылыстағы өндірістік шығындардың басым бөлігін (64 %) материалдық шығындар алады.

Материалдық шығындарға құрылыс – монтаж жұмыстарын орындау барысында, сонымен бірге құрылыстық конструкцияларға және тетіктерге, отын, электрқуаты және бу мен суға (көмекші және қосалқы өндірістердің, қызмет көрсетуші шаруашылықтардың өнімдері мен қызметтерін қоса алғандағы) жұмсалған шығындар жатқызылады.

Құрылыс – монтаж жұмыстарына жұмсалған материалдық қорлардың құны олардың нақты өзіндік құны бойынша анықталады. Материалдардың нақты өзіндік құнына енгізіледі:

  • материалдарды сатып алу құны немесе қосалқы және көмекші өндірістің өнімі болып табылатын материалдардың өзіндік құны;
  • материалдарды объекті маңындағы қоймаға дейін жеткізу шығындары;
  • дайындау – қойма шығындары, тиеу – түсіру жұмыстарына жұмсалған шығындарды қоса;

Өндіріске босатылған материалдардың алғашқы құжаттары болып лимиттік – заборлық карта және накладной – талаптама құжаттары табылады.

Лимиттік – заборлық карта өнімдерді дайындау, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде жүйелі түрде тұтынылатын материалдардың босатылуын рәсімдеу үшін қолданылады.

Құрылыс ұйымының аумағынан тысқары жерде орналасқан шаруашылықтарға материалдарды босату «Материалдарды  босату (ішкі орын ауыстыру) накладной –талаптамасы» құжатымен (ф№15а)  рәсімделеді.

Ашық жерде сақталатын материалдар  (тас, құм, шебін тастар және басқадай сусыма материалдар) тікелей құрылыс орнына әкелініп, ашық алаңқайларда сақталынады, олар материалды-жауапты тұлғаның (прораб)есебінде болады.

Құрылыста пайдаланылған барлық материалдар 8 «Негізгі өндіріс» бөлімшесінің 901 «Материалдар» транзиттік шотында есепке алынады және құрылыстың сәйкесті объектісінің өзіндік құнына енгізіледі. Бұл Қаржылық есеп берудің Халықаралық стандарттары бойынша 8110 «Негізгі өндіріс», 8011 «Материалдар»  шотында есепке алынады.

Құрылыс ұйымдары жұмыстардың жекелеген түрлерін орындау барысында  айналымды материалдарды (мысалы, темірбетон мұнараларын, шпалдарын және рельстік кран асты жолдарын көтеру кезінде ағаштарды, металл, ағаш шартақтарды бірнеше қайтара қолдану) пайдаланады. Оларды пайдалану құрылыс жұмыстарының өндірістік нормаларында қарастырылған.

Айналымды материалдарды өндіріске  алғаш босатқан кезде жұмысты орындаушылардың (прораб, шебер) жауапкершілігіне береді. Бұл кезде олардың құнын болашақ кезеңдердің шығындары ретінде есепке алады.

Өндірістік шығындардың құрамына қосылатын айналымды материалдар құнының бір бөлігі олардың әрбір айналымы сайын төмендегі формула бойынша анықталады:

 

Шығыстың нормативтік шамасы = айналымды материалдардың нақты      өзіндік құны – материалдардың қайтарылатын құны ÷ айналым саны

 

Айналымды материалдардың қайтарылу құны оларды пайдаланғаннан кейін құрылыс ұйымымен олардың пайдаланылуы мүмкін бағасымен анықталады.

«Кызылорда-Строймонтаж» ЖШС-дегі құрылыс басындағы (объектіде) бөлімшелері ай сайын материалдардың кірісі, босатылуы және қалдығы жайлы М-19А санды карточкасын толтырып есеп беріледі. Есепте материалдардың кіріске алынуы, шығыс етілуі және қалдығы алғашқы құжаттар (кіріс ету, босату, түгендеу) негізінде көрсетіледі.

<Кез ><келген ><өнімді ><(жұмыс, ><қызмет) ><өндіру ><белгілі ><бір ><шы><ғындармен ><байланысты екені мәлім. ><Сондықган ><да ><шығындарды ><жіктеу ><өн><дірістік ><есептің ><маңызды ><элементі ><болып ><табылады. ><Әдетте, ><топ><тау ><қағидаларына ><калькуляция ><баптарының ><номенклатурасы ><сәйкес ><келеді. ><Өзіндік ><шығындарды ><дұрыс ><есептеу ><үшін ><оның ><ғылыми ><негізделген ><жіктелімі ><аса ><қажет. ><Құрылыс ><саласында ><шығындарды ><өндірістік ><үрдістің ><барлық ><жағын ><қамти ><отырып, ><яғни ><оның ><ерекшеліктеріне ><қарай ><белгілі ><бір ><топқа ><жаткыза ><отырып, ><орындау ><қажет.>

<Құрамы ><бойынша ><бірэлементті ><және ><кешенді ><шығындар ><деп ><жіктеледі. ><Бірэлементті ><шығындар ><— ><бір ><элементтен ><тұратын ><шығындар ><(еңбекақы, ><материалдар, ><ақша ><аударулар). ><Кешенді ><шығындар ><— ><бірнеше ><элементтен ><тұратын ><шығындар ><(барлық ><элементтер ><кіретін ><цехтық ><шығындар).>

<ІІІығындардың ><түрлері ><бойынша ><шығындар ><екі ><топқа ><топ><тастырылады ><— ><шығындар ><элементі ><бойынша ><және ><кальку><ляция ><баптары ><бойынша. >

<Шығындардың ><экономикалық ><мазмұнына ><сәйкес, ><құрылыс ><кәсіпорынының ><өндірістік ><және ><коммерциялық ><қызметтерде ><орын ><алатын ><шығындары ><келесі ><элементтері ><бойынша ><топтасты><рылады:>

  • <материалдық ><шығындар;>
  • <еңбекті ><өтеуге ><жұмсалатын ><шығындар;>
  • <әлеуметтік ><қажеттіліктерге ><ақша ><аударулар;>
  • <құрал-жабдықтардың ><тозуы ><(амортизация);>
  • <басқа ><да ><шығындар.>

<Сонымсн, ><пайда ><болу ><орны ><бойынша ><жіктелетін ><шығындар ><жиынтығы ><нақты ><өндіріс ><көлемінің ><шығындар ><сметасын ><кұруға, ><құрылыс ><кәсіпорынының ><қызметінің ><сапалық ><көрсеткіштерін ><анықтауға, ><сондай-ақ ><өнімнің ><(жұмыстың, ><көрсетілген ><қызмет><тің) ><өндірістік ><өзіндік ><құнын ><белгілеуге ><мүмкіндік ><береді.>

Мердігерлік құрылыс кәсіпорынының шығындары келесі баптар бойынша топтастырылады:

  • материалдар;
  • жұмысшының еңбегін өтеуге кеткен шығындар;
  • құрылыс машиналары мен тетіктерін ұстау мен пайдалану бойынша шығындар;
  • үстеме шығындар;
  • өндірістік жұмысшылардың еңбекақысы.

Өндіріс процесіндегі экономикалық рөлі бойынша шығындар негізгі және қосымша деп екіге бөлінеді:

  • негізгі шығындар — өндірістің технологиялық процесімен тікелей байланысты негізгі шығындар (шикізат пен материалдар, қосалқы материалдар);
  • қосымша шығындар — өндірісті ұйымдастыру мен оған қызмет етуге оны басқарумен байланысты пайда болатын шығындар. Үстеме шығындар өз кезегінде өндірістік және өндірістік емес, тұрақты және айнымалы шығындар деп бөлінеді.

Өндірістік үстеме шығындарға: өндірістік кұрылыс жайлар мен құрылыс-жабдықтарды, ағымдағы күтумен, жөндеумен байланысты шығындар, қосалқы материалды қалпына келтіру бойынша шығындар, жұмысшылардың әлеуметтік салықтық аударымдары бар еңбекақы шығындары, құрылыс кәсіпорынының өндірістік бөлімшелерін жылумен, жарықпен қамтамасыз етумен байланысты шығындар және ақау жатады.

Өнімнің өзіндік құнына жатқызу тәсілі бойынша тікелей және жанама деп бөлінеді. Тікелей шығындар — өнімнің белгілі бір түрін өндіруге байланысты, оның өзіндік құнына тура және тікелей кіруі мүмкін (шикізат, материалдар, аударымдар). Жанамалар — өнімнің жеке түрлерінің өзіндік кұнына тікелей енгізілмейтін және жанама түрде болып бөлінеді.

Өндіріс көлеміне байланысты айнымалы (өзгермелі) және тұрақты деп бөлінеді. Айнымалы шығындар — мөлшері өндіріс көлемінің өзгеруіне тура сайма-сай (пропорционалды) өзгеретіндер (өндірістік жұмысшылардың еңбекақысы, технологиялық энергия, және т. б.). Әдетте, айнымалы шығындарға шикізаттар мен негізгі материалдардың шығындарын, негізгі өндірістік жұмысшылардың еңбекақысын, айнымалы өндірістік шығындарды жатқызуға болады. Тұрақты шығындар — өнім өндірісі көлемінің өзгеруіне байланысты емес шығындар (жылыту, өндірістік бөлмеге жарық беру, амортизация).

Құрылыс өнімдерінің тікелей (жартылай) өндірістік өзіндік құнын анықтағанда тікелей шығындар негізге алынады. Бұл шығындарды бағалау әдісін қолданғанда, тікелей шығындар дайын өнімдердің өзіндік құнына кіреді, ал жанама шығындар толық ағымдағы жылдың жалпы каржылық нәтижелеріне апарылады. Осылайша, тұрақты шығындар аяқталмаған өндірісті бағалауға кірмейді.

Өндіріс шығындарының аналитикалык есебі өнімнің бір өлшемінің іс жүзіндегі өзіндік құнын есептеуді қамтамасыз етуге арналған. Бұл әрбір калькуляциялық (есептік) объектіге ашылған карточкалар немесе арналған ведомост арқылы жүзеге асады. Осы ведомостарда (карточкаларда) шығындардың баптары, ал баяндауыш ведомостарда айдың басы мен соңындағы цехтар бойынша аяқталмаған өндіріс қалдықтары, ай ішіндегі шығындар, дайын өнімді, түпкілікті ақауды, аяқталмаған өндіріс жетіспеушіліктерін, қайтымды қалдықтарды есептен шығару және басқа да есептен шығарулар керсетіледі. Ведомостарға (карточкаларға) тиісті мәліметтерді жазу үшін қажетті құжаттар мен талдамалық кестелер негіз болады. Ведомостар (карточкалар) бойынша жиынтық әр цех бойынша көрсетіледі, ал аяқталмаған өндіріс қалдықтарының сомасы бас кітапта көрсетілген 8010 шоты бойынша қалдықтарға тең болуға тиіс. Өндіріске жұм-салған шығындарды есепке алу ведомостарының (карточкаларының) деректері бойынша шығарылған өнімнің нақты өзіндік құны айқындалады. Соңғысын өнімге қоса тіркелген қағаз (накладной) аркылы коймаларда кіріске алады. Өндірілгеп өнімнің құнына 1320 «Дайын өнім» шоты дебеттеледі және 8010 шоты кредиттеледі. Ал көрсетілгсн қызметке 7010 шоты дебеттеледі де, 8010 шоты кредиттеледі.

Құрылыс – монтаждау жұмысындағы үстеме шығындарға жұмысшыларға көрсетілген қызмет шығындары, құрылыс алаңдарындағы ұйымдастыруға кеткен шығындар жатады.

Жалпы алып қарайтын болсақ, орындалып жатқан жұмыс барысында өндіріске тән ерекшелігі бар қосымша шығындарды кездестіреміз. Бірақ, біз оны шығындар түріне дұрыс жатқыза білуіміз керек.

Осыған байланысты үстеме шығындар төмендегідей түрге бөлінеді:

  1. Құрылыс жұмысшыларына көрсеткен қызметке кеткен шығын:

—         учаске басшыларының, аға шеберлердің, қосалқы және көмекші өндіріс басшыларының, механиктердің негізгі және қосымша еңбекақысы және одан аударылған әлеуметтік салық;

—         құрылыс – монтаждау жұмысындағы жұмысшылрдың қосымша еңбекақысы және одан аударылған әлеуметтік салық.

  1. Техникалық қауіпсіздік пен еңбекті қорғау бойынша шығындар:

—         тегін берілетін арнайы униформаларды жөндеу және жууға кеткен шығындар;

—         заң бойынша қарастырылған денсаулыққа зиян цех жұмысшыларына берілетін сүт тағамдарына кеткен шығындар;

—         техникалық қауіпсіздікке арнайы жасалған бөлмелерге кеткен шығындар.

  1. Құрылыс алаңдарындағы ұйымдастыру шараларына кеткен шығындар:

—         амортизациялық шығындар, бірнеше мердігерге қызмет көрсетіп тұрған негізгі құралдарды пайдалануға немесе жөндеуге кеткен шығындар;

—         жиналмалы типтегі ғимараттарға кеткен шығын;

—         өндіріске қажетті өлшеуіш құралдар сатып алуға кеткен шығын;

—         қауіпті аймақтарды қоршауға кеткен шығындар;

—         уақытша қондырғылар орнату шығындары;

—         өлшеуіш қораптар, бункерлер, бетон мен ерітінділерге арналған ыдыстар сатып алуға кеткен шығындар;

—         нысан маңындағы әкімшілік орындар;

—         жұмысшыларға арналған жуыны орындарына кеткен шығын;

—         уақытша жарықтандыруға арналған желілерге кеткен шығындар;

  1. Өндірісті жобалау жұмыстарына кетен шығын;
  2. Өндірістегі зертхана қызметін пайдалануға кеткен шығындар.

      «Үстеме шығындар» бабында құрылыс – монтаждау жұмыстарына қатысты үстеме шығындар көрсетілгендіктен, ол шығындар 8110 «Негізгі өндіріс» шотында дебеттеліп, 8410 «Үстеме шығындар» шотында кредиттеледі.

Құрылыс кәсіпорындарының негізгі өндірісіндегі үстеме шығындар ай сайын бірінші жұмыс түрлері арасында, содан кейін құрылыс объектілерінің арасында тікелей шығындарға пропорционалды түрде бөлінеді. Онда есеп келесі кестелер түрінде берілген.

Механизм басқармасының негізгі өндірісіндегі үстеме шығындар ай сайын субмердігерлермен келісім бойынша орындалған құрылыс – монтаждау жұмыстары арасында бөлінеді және басқа кәсіпорындардың көрсеткен қызметтерінің арасында тікелей шығындарға пропорционалды сома бойынша бөлінеді.

Біздің ойымызша, үстеме шығындардың әрбір бабын мүмкіндік болса, объектілер арасында біркелкі базамен емес, әртүрлі базамен бөлу керек. Сонымен қатар, осы үстеме шығындар қатарына жаңадан жасалған бухгалтерлік есептіліктің талаптарына сәйкес өндірістегі орын алатын ақауды қарастырамыз. Жалпы, бұл есеп түрі жеке шотта қарастырылып келсе, бүгінгі күні үстеме шығындар деп танып отырмыз.

Құрылыс – монтаж жұмыстарындағы ақау деп техниклық талаптарға сәйкес келмеген жұмыс көлемін айтамыз. Ақаудың пайда болуы төмендегі жайттарда кездеседі:

  1. Жобалық көрсеткіштер ұстанымын бұзғанда;
  2. Сапасы төмен құрылыс материалдарын пайдаланғанда;
  3. Жобалық құжттарда кеткен қателерде;
  4. Конструкциялық құрылым сәйкес келмеген жағдайда.

Құрылыс нысанын тапсырғанға дейін, яғни құрылыс жұмысының жүріп жатқан процесінде немесе нысанды бас мердігердің өткізуі барысында ақау анықталады.

Ақау кімнің тарабынан кеткенін анықтап, кінәлі адамдардан талап етілуі қажет. Ол үшін ақау міндетті түрде арнайы комиссия мүшелерінің шешімімен құжаттандырылуы қажет. Әдетте кінә тапсырушылар, жобалық кәсіпорындар, субмердігерлер, жабдықтаушылар, құрылыс материалдарымен қамтамасыз етушілер, учаскенің әкімшілік – техникалық қызметкерлері, орындаушы – жұмысшылардан болады.

Ақау ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді. Ішкі ақау – мердігер тиісті сметалық мөлшер талаптарын бұзған жағдайда, жұмысшылардың кәсіби төмендігінен, ал сыртқы ақау тапсырушылардан, жабдықтаушылардан және автокөлік кәсіпорындарының кінәсінен болады. Ақау анықталған сәтте бірден акт толтырылады. Акт толтыруға сапалық бақылау орындарынан техникалық сарапшылар, құрылыс зертханасының қызметкерлері және инженерлік – техникалық қауіпсіздік бөлімінің қызметкерлері қатысуы тиіс.

Себебі, дәлелденіп, кінәлі тұлғалардың қол қоюымен расталған құжат ақаудан кеткен шығынның анықталып, өндірілуіне негіз болып табылады.

Ақауға кеткен шығын әрбір актіге жеке жасалынады және оған негіз болатын көрсеткіштер төмендегідей:

—         қайта қалпына келтіру жұмысына қатысқан жұмысшылардың жалақысы;

—         материалдық шығындар;

—         төленбеген қосымша еңбекақы мөлшері;

—         қолданылған құрылыс машиналары мен механизмдерге кеткен шығын сомасы.

Бүгінгі күні құрылыс жұмысындағы анықталған ақауға кеткен шығындар есебін 8410 «Үстеме шығындар» шотында қарастыра отырып, кәсіпорынның есеп саясатындағы көрсетілген субшоттарға қойылады.

Ақауға кеткен шығынды толтырылған актіні нгізге ала отырып, бухгалтерлік есептеумен анықталған соң, қалпына келтіруге кеткен қаржы сомасы мен кінәлі тұлғалардан өндіріліп алған сомаларға төмендегідей бухгалтерлік жазбалар жасалынады.

Кесте № 12

Операцияның мазмұны

Дебет

Кредит

1

Ақауды жөндеуге кеткен жұмысшының жалақысы

8040 субшот*

3350

2

Материалдық шығын

8040 субшот*

1350

3

Қосалқы өндіріс пен механизмге кеткен шығын

8040 субшот*

8030

4

Әлеуметтік салық

8040 субшот*

3150

5

Басқа кәсіпорындарға ақау үшін төленген төлем

8040 субшот*

3310, 4110

6

Жабдықтаушылар мойындаған ақау бойынша дебиторлық берешек

1280, 2180

8040 субшот*

7

Монтаждау кезінде кірістелген материалдар

1350

8040 субшот*

8

Ақау үшін жалақыдан ұсталған сома

3350

8040 субшот*

9

Анықталған өткен жылдардағы ақау бойынша шығын

5410

8040 субшот*

10

Негізгі өндіріске жатқызылған ақау мөлшері

8010

8040 субшот*

8040 субшот* — субшотты белгілеу құрылыс кәсіпорындарындағы есеп саясаты арқылы анықталады.

Еңбек ақы шығындары өндірістік шығындардың 13 – 16 % құрайды. Сондықтан еңбекке ақы төлеу есебін дәл ұйымдастыру үлкен маңызға ие.

«Кызылорда-Строймонтаж» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде  еңбек ақы шығындары негізгі еңбек ақы шығындары мен қосымша жалақы шығындарынан құралады. Бухгалтерлік есептің № 12 «Күрделі құрылысқа мердігерлік келісім — шарттар» стандартының әдістемелік нұсқауына сәйкес учаскеде құрылыс жұмыстарын жүзеге асыратын жұмысшылардың еңбекақы шығындары, жұмыстарды тікелей қадағалау және осы тұлғалардың еңбекақыларынан аударымдар тіке шығындардың қатарына, ал құрылыс – монтаж жұмыстарының негізгі өндіріс жұмысшыларының қосымша жалақылары, құрылыс машиналарын пайдалану және қызмет көрсетумен айналысатын, күрделі емес жұмыстармен айналысатын жұмысшылардың қосымша жалақылары үстеме шығындарға жатқызылады.

Құрылыс ұйымдарында  негізгі өндірістік жұмысшылардың еңбек ақысын кесімді және аккордты жалақы нысандарын пайдалану арқылы есептейді, ал мерзімді еңбек ақы нысанын әкімшілік – басқару қызметкерлерінің, көмекші өндіріс жұмысшыларының еңбек ақысын есептеуде кең қолданады. Еңбекке ақы төлеудің әртүрлі нысандарын қолдану жұмыс өнімділігі мен жұмыс уақытын есепке алуда алғашқы құжаттардың сан алуан түрлерін (нарядтар, аккордтық нарядтар, жұмыс өнімділігі ведомостері, т.б.) пайдалануға әкеледі.

Жұмысшылардың кінәсінсіз болған  бос тұрып қалған, бірақ  төленуге тиісті уақыт (ауа – райының қолайсыздығы, материалдардың, электр қуатының болмауы, т.б.) бос тұрып қалу парағымен рәсімделеді.

Аккордтық еңбек ақы жүйесі кезінде бригадаға тапсырыс берілген уақыт ішінде аяқталуға тиіс жұмыстар кешеніне аккордтық нарядтар беріледі. Онда жекелеген жұмыс түрлерінің толық құрамы мен жұмыс бірлігіне қойылатын баға көрсетіледі (мысалы, 1 шаршы метрге қаланған кірпіш). Жұмыс бірлігіне қойылатын бағаның құрамында тек кірпішті қалау ғана емес, осы қалаумен қатар жүретін жұмыстар да — кірпішті, ерітіндіні, тетіктерді алып беріп тұру, сатыларды құрастыру – есептелінеді.

Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарына тапсырыстардың түсуіне орай жинақталған құрылыс бригадаларын уақытша жұмысқа тарту тәжірибелері кең етек алды. Бұл жағдайда аккордты  еңбек ақы сомасын және оны анықтау тәртібін еңбек келісім – шартында айқындайды.

Жұмысшылардың еңбек ақысын есептеу кәсіпорында қабылданған еңбекке ақы төлеу жүйесі мен нысандарына, ұжымдық келісім шарттарына, материалдық ынталандыру ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

Еңбек ақы жұмысшы мен жұмыс беруші арасындағы өзара келісімге қарай төленеді. Еңбек ақының сметалық деңгейі жұмыс беруші үшін еңбек ақы шығындарының экономикалық тиімді шегін анықтайды.

Негізгі еңбек ақы 8012 «Өндірістік жұмысшылардың еңбек ақысы» шотының дебеті және 3350 «Жұмысшылармен еңбекке ақы төлеу бойынша есеп айырысу» шотының кредиті бойынша көрсетіледі.

Үстеме шығындардың құрамында құрылыс – монтаж жұмыстарының негізгі өндіріс жұмысшыларының қосымша жалақылары, құрылыс машиналарын пайдалану және қызмет көрсетумен айналысатын, күрделі емес жұмыстармен айналысатын жұмысшылардың қосымша жалақылары есепке алынады. Үстеме шығындардың құрамына іс – сапар шығындары, жұмыстың жылжымалы сипаты үшін қосымша төлемақы да жатқызылады..

Құрылыс – монтаж ұйымдары жұмысшыларының жұмыс уақытын ұйымдастырудың ерекшелігі — вахталық әдісті пайдалану болып табылады.

Бұл әдіс құрылыс жұмыстары жұмысшылардың тұрғылықты мекен- жайынан тыс жерде жүргізіліп, олардың күнделікті тұрғылықты жеріне оралу  мүмкіндігі болмағанда қолданылады.

Вахталық әдіс — құрылыс объектілері кәсіпорынның базалық орнынан қашық орналасқан жағдайда, жұмыс қауіпті табиғи – климаттық жағдайда жүргізілетін болғанда қолданылатын ерекше әдіс.

Вахталық мерзім болып құрылыс объектісіндегі жұмыстарды орындау кезеңі мен ауысым аралық кезең саналады. Жалпы тәртіп бойынша, вахтаның ұзақтығы бір айдан аспауы тиіс. Жұмысшыларды вахтаға жіберу іс – сапарға жатқызылмайды.

Осыған сәйкес оларға тәуліктік іс – сапар шығыны төленбейді, «Еңбек туралы» заңда анықталған ережеге сай қосымша ақы есептеледі.

Жұмысты ұйымдастырудың вахталық әдісі туралы негізгі ереже 10 желтоқсан 1999 жылғы № 493-1 «Қазақстан Республикасындағы Еңбек туралы» заңымен бекітілген.

Вахталық мерзім болып құрылыс объектісіндегі жұмыстарды орындау кезеңі мен ауысым аралық кезең саналады. Жалпы тәртіп бойынша, вахтаның ұзақтығы бір айдан аспауы тиіс. Жұмысшыларды вахтаға жіберу іссапарға жатқызылмайды.

Осыған сәйкес оларға тәуліктік іссапар шығынының орнына ҚР Үкіметінің 27.12.2001 №1726 «Тұрақты жұмысы жол бойында өткен жағдайда немесе көшпелі сипатқа ие болса, не қызметтік іссапарға байланысты қызмет көрсететін учаскелерден тыс жерде жүргенде төленетін төлемдердің салық салуға жатпайтын мөлшерін белгілеу туралы» қаулысына сәйкес жұмыс істеген әрбір күніне айлық есептік көрсеткіштің 0,35 шамасында қосымша ақы төленеді. Қызметкерлермен еңбекақысының  төлемі бойынша есеп айырысу есебі 3350 «Қысқа мерзімді еңбекақы бойынша берешек» шотында жүргізіледі.

«Кызылорда-Строймонтаж» ЖШС-де құрылыс объектісінде айрықша жағдайда төленетін еңбекақы,жеке және ұжымдық келісім-шарттарда ауа райы ауыр жағдаймен, қара жұмыспен, интенсивті еңбекпен байланысты жұмыстарға жергілікті жерде қосымша еңбекақы бойынша белгіленеді.    Осыған байланысты, еңбекақыны есептегенде 3350 шоты кредиттеледі де, мына шоттар дебеттеледі:

  • 8110 шоты «Өндірістегі жұмысшылардың еңбекақысы» негізгі өндірістегі жұмысшыларға есептелген еңбек төлемінің сомаларына;
  • 8030 шоты «Қызметкерлердің еңбекақысы» қосалқы өндірістердің қызметкерлеріне есептелген еңбек төлемінің сомаларына;
  • 7210 шоты «Қызметкерлердің еңбекақысы» цехтағы (жалпы өндірістегі) қызметкерлерге есептелген төлемнің сомаларына.

Жұмыс беруші еңбеккерлердің жалақысынан әрекет етіп тұрған заңға сәйкес әр түрлі ұсталымдар жасайды.

Жеке табыс салығын ұстаған кезде 3350 шоттары дебеттеліп, 3140 шоты кредиттеледі.

Жинақтаушы зейнетақы қорға міндетті зейнеткерлік жарна еңбекерлердің жалақысынан, сыйлығынан және басқа да табысынан 10 % ұсталынып, оны жұмыс беруші аталған қорға аударады.

Әлеуметтік салықты төлеу ай сайын айдың екінші жартысы үшін еңбекақы төлемімен белгіленген мерзімде жүргізіледі, алайда ол еңбекақы мөлшерінің 11 еселік жылдық есептік көрсеткішінен жоғары деңгейде көтерілген жағдайда ұсталынған мөлшеріне қатысты.

Еңбекақы төлемі  3350 дебет шоты бойынша және 1010 кредит шоты бойынша көрініс тапқан.

Жинақтаушы зейнетақы қорына аударымды ұстау 3350 дебет шоты және 5310 «Жинақтаушы зейнетақы қоры бойынша есеп айырысу» кредит шоты бойынша жүзеге асырылады.

5300 кредит шоттары бойынша журналдық-ордерлік формасы шартындағы операциялар № 10 журнал-ордерінде, ал кредит 3350 шоты бойынша № 9 журнал-ордерінде  көрініс табады.

Жеке табыс салығын ұстау 3350, 3120 дебет шоттары бойынша және 3220 «Бюджетпен басқа есеп айырысулар» кредит шоты бойынша көрініс табады.

Қызметкерлердің демалыс ақысы бойынша есеп айырысу есебі 5300 «Резервтер» шотында жүреді (демалыс ақысын төлеудің резервтері). Резервке аударудың пайызы демалыс төлемдерінің орташа ұзақтығына байланысты болып келеді. Резервті құру кезінде 5300 шоты кредиттеліп, мына шоттар дебеттеледі: 1260, 7110, 7210, 7330, 7600, 8000. Ал демалысты есептеген кезде 5300 шоты дебеттеліп, 3350 шоты кредиттеледі.

Еңбекақы бойынша қызметкермен есеп айырысудың аналитикалық есебі машинограммдағы қызметкердің аты-жөні мен табельдік нөмірі бойынша және негізінде бөлімшелер бойынша жиынтықты есеп айрысу тізімі жасалатын еңбекақы кітабында жүргізіледі.

  Есепті кезең болып 1 қаңтар 31 желтоқсанға дейінгі күнтізбелік жыл табылады.

Құрылыс жұмыстарының өндірісіне жұмсалған шығындардың есебі құрылыс ұйымдарында бухгалтерлік есептің № 12 «Күрделі құрылысқа мердігерлік келісім — шарттар» стандартына, сондай — ақ оның қолданылу тәртібін анықтайтын әдістемелік нұсқауларыда берілген ережелерге сәйкес жүргізіледі

Құрылыс ұйымдарының машиналар мен механизмдерді ұстау және пайдаланумен байланысты шығындарына машиналар мен механизмдерді басқарумен және қызмет көрсетумен айналысатын жұмысшылардың еңбек ақысы, электрэнергиясының, отынның, жанар – жағар май және өзге де көмекші материалдардың құны, машиналарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарының құны, жалға алынған машиналар мен механизмдерді пайдаланғаны үшін төленетін жал ақы, амортизациялық аударымдар, құрылыс машиналары мен механизмдерін қайта орналастыру  шығындары, машиналар мен механизмдерді пайдалануға жұмсалған басқада шығындар, үстеме шығындар жатқызылады.

Құрылыста жалпы және әкімшілік шығындарына құрылыс ұйымын басқарумен байланысты шығындар және өндіріс процесімен тікелей байланысы жоқ шығындар жатқызылады. Жалпы әкімшілік шығындарының аналитикалық есебін  7210 «Жалпы және әкімшілік шығындары» шотында құрылыс саласының технологиялық ерекшеліктеріне байланысты ұйымдастырылып, алғашқы құжаттардың  негізінде белгіленген шығындардың баптары бойынша жүргізген дұрыс. Оларды басқарма шығындарының бағытына қарай келесі шығын баптары бойынша топтастыра отырып есепке алуға болады:

  1. Әкімшілік — басқарма қызметкерлерінің негізгі және қосымша еңбекақылары, әлеуметтік салыққа аударымдарын қоса;
  2. Әкімшілік — басқарма қызметкерлерінің қызмет бабындағы іс сапар, жүріп — тұру және орын ауыстыру шығындары;
  3. Басқару қызметін автоматтандыру шығыстары;
  4. Байланыс қызметінің шығыстары;
  5. Кеңсе шығыстары;
  6. Әкімшілік – шаруашылық ғимараттары мен құрылғыларын күтіп ұстау шығындары;
  7. Басқарма қызметкерлерінің еңбегін қорғау және техникалық қауіпсіздігі;
  8. Жұмыс өндірісін жобалау шығыстары;
  9. Материалдарды, конструкциялар мен құрылыс имараттарының бөліктерін сынау шығыстары;

10.Басқарма қызметкерлерін дайындау және білімін жетілдіру шығыстары;

11.Нормативтік жұмыстарға жұмсалған шығыстар;

12.Геодезиялық жұмыстарға жұмсалған шығыстар;

Біздің пікірімізше, бірінші бапта әкімшілік – басқарма қызметкерлеріне (инженерлік-техникалық жұмысшылар, қызметкерлер, кіші қызмет көрсететін тұлғалар) төленетін жалақының барлық түрлерін көрсеткен дұрыс. Мұнда тек құрылыс ұйымының жабдықтау бөлімінің қызметкерлерінің еңбекақысы көрсетілмейді, себебі ол дайындау – қойма шығындарының құрамында есепке алынуы тиіс. Осы бапта жеңіл автокөліктің жүргізушілерінің еңбекақысын көрсетудің  керегі жоқ деп есептейміз, өйткені аталмыш шығыс жеңіл машинаны пайдалану шығыстарының бір бөлігін құрайды. Сондықтан, дұрысы, оны жеңіл көлікті күтіп ұстау шығындарының құрамында есепке алу.

Құрылыс машиналары мен механизмдерін пайдаланудың әртүрлі формалары бар. Құрылыс машиналары мен механизмдері құрылыс кәсіпорындарының жеке меншігі болып, оның балансында саналуы мүмкін. Бұл жағдайда оларды пайдаланудың шығындары 1 ай ішінде жиналып, 8030 «Көмекші өндіріс» шотының «Құрылыс машиналары мен механизмдері» деген субшотында — әр құрылыс бөлімшелерінде, ай соңында осы құрылыс бөлімшелерінің орындаған жұмыстарының өзіндік құнына апарылып, «Құрылыс машиналары мен механизмдерін пайдалану бойынша қор» деген бапта есептеледі.

Құрылыс машиналарын қолдануды жақсарту мақсатында олар механизация басқармасына біріктірілуі мүмкін. Мердігер кәсіпорындар механизация басқармасының қызметінің құнын 8010 шоттың дебетінде «Құрылыс машиналары мен механизмдерін пайдалану шығындары» бабында, 3310 шоттың кредитінде көрсетеді.

Егер мердігер кәсіпорын машиналарды жалға алса, онда жалдың есебі 8030 «Көмекші өндіріс» шотының «Құрылыс машиналары мен механизмдерін пайдалану» субшотында және басқа шығындарына қосылып, осы машинаның қызметінің құнына апарылады.

Құрылыс машиналары мен механизмдерін пайдалану әралуан шығындарды тудырады. Бұл шығындарды  бірмезгілдік және ағымдық шығындарға жіктейді.

Бірмезгілдік шығындарға :

  • құрылысқа машиналар мен механизмдерді тасымалдау, оларды тиеу және түсіру, монтаждау, бұзып – жинау және сынақтан өткізу, құрылыс алаңына механизмдерді орналастыру шығындары, жүк көтергіш механизмдердің жұмысының құны, соның ішінде жұмысшылардың еңбек ақысы, материалдар шығыны және т.б.;
  • құрылыс машиналары мен механизмдерін бекітуге қажетті әртүрлі көмекші уақытша құрылғыларды орнатуға және де осы құрылғыларды қайта жинауға жұмсалған шығындар, соның ішінде жұмысшылардың еңбек ақысы, материалдар шығыны , т.б. енгізіледі.

Бұл шығындардың барлығы алдын – ала болашақ кезеңдердің шығындарының құрамында сәйкесінше 34 «Болашақ кезеңдердің шығыстары» бөлімшесінің 343 «Басқалар» аралық шотында көрсетілуі тиіс.

Шығыстарға апарылуы тиіс шығындар сомасын құрылыс техникаларын пайдалану шығындарының құрамына  ай сайын төмендегі формуламен анықталған мөлшерде көшіреді:

С=Е/П,

мұндағы: С – ай сайынғы есептен шығарылуға жататын бірмезгілдік шығындардың сомасы;

Е – бірмезгілдік шығындардың жалпы сомасы;

П – құрылыс техникасын пайдалану кезеңдерінің саны, ай.

Ағымдағы шығындардың құрамына төмендегілер енгізіледі:

  • машиналар мен механизмдерді басқарумен және қызмет көрсетумен айналысатын жұмысшылардың еңбек ақысы (машинистер, мотористер, бульдозершілер, т.б.);
  • электрэнергиясының, отынның, жанар – жағар май және өзге де көмекші материалдардың құны;
  • машиналарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарының құны;
  • жалға алынған машиналар мен механизмдерді пайдаланғаны үшін төленетін жал ақы;
  • машиналар мен механизмдерді пайдалануға жұмсалған басқада шығындар.

Сметалық анықтама бойынша жұмыстарды есептелмейтін машиналарды пайдалану шығындары объектіде әр машинаның  түріне машина – смета құнын қоса жұмыс істеген машиналардың жұмыстарының ұзақтығы туралы механиктің есебі негізінде бөлінеді.

1985 жылға дейін құрылыс – монтаж жұмыстарында «Басқа тікелей шығындар» деген бап бөлек алынған. Бұл бапта құрылыс соңында қоқыс пен қарды шығару, грунттарды тасу және де құрылыс ішіндегі конструкцияларды, детальдар мен материалдарды объект қоймаларынан жұмыс орнына дейін апару шығындары есепке алынған. Сметада бұндай баптар бөлінбейді. Жоспарлау мен құрылыс – монтаждау жұмыстарының өзіндік құнын есептеу (1985 жылдан бері қарай еңгізілген ережелердің негізінде бұндай бап қарастырылмаған) үшін шығындар құрылыс  машиналары мен механизмдерін пайдалану шығындарының құрамында болуы шарт [].