Материалдық қорлардың қоймадағы есебі

Материалдар өздері сақталып тұрған жері бойынша, яғни кәсіпорын қоймасында және кәсіпорын бухгалтериясында есептелінеді. Материалдық қорлардың қоймадағы есебінің дұрысұйымдастырылуы олардың дұрыс сақталынуына, қоймадағы жұмыстың дұрыс жүргізілуіне және олардағы жұмыстың қалай қойылғандығына байланысты. Қоймада материалдық қорлардың әрбір түрлері, сорттары бойынша бөлек сақталуы тиіс. Материалдардың маркасы, сорты, көлемі, наменклатуралыцқ номері, өлшем бірлігі, сақталып тұрған материалдардың мөлшері, т.б.  көрсеткіштері картон немесе фанерге жазылып, материалдарға байланып немесе жапсырылып қойылады. Қоймадағы және цехтегі материалдардың аналитикалық есебі белгілеген түрі бойынша олардың ішінде сорттары мен маркалары бойынша жүргізіледі. Қоймада материалдық қорлардың тек қана сандық есебі жүргізіледі. Материалдардың әрбір номенклатуралық номері бойынша бөлек үлгілі түрі М-17 карточкасы ашылады. Бұл карточкада материалдық қорлардың аты, мөлшері, көлемі, сорты, өлшем бірлігі, номенклатуралық номері және есетеу бағасы көрсетіледі. Бұл карточканы жаңадан кіріске алған материалдарға кәсіпорынның бухгалтериясы дайындап, одан кейін кіріс ету ордерімен тізілім бірге қоймаға беріледі. Қойма қызметкері немесе қойма меңгерушісі алынған карточкаға материалдық қорлардың қай жерде сақталып тұрғаны жайлы деректер толтырады. Материалдардың кіріс-шығысының сорттық-сандық есебін сол материалдарға жауапты адам жүргізеді. Кейбір жағдайда материалдарға жауапты адамның келісімі бойынша қойманың карточкалық есебін жүргізу жұмысы басқа басқа адамға, яғни есепшіге немесе операторға жүктелуі мүмкін. Материалдардың түрі номенклатуралық номері аз болатын кәсіпорынның қоймаларында бұл карточканың орнына материалдар есебін тиісті түрде жүргізуге дайындалып жасалған сорттық есеп кітабында жүргізуге болады. Мұндай жағдайларда сорттық есеп кітабында қойма есебінің карточкасындағы деректер болуы қажет. Қомашы белгіленген тәртіп бойынша толтырылған алғашқы құжаттардың негізінде материалдардың кіріске алынуын және есептен шығару операцияларын, олардың іске асырылған күнін қойманың есеп карточкасына жазөып, онда материалдық құндылықтардың сол күннің соңындағы қалдығын шығарып отыру керек. Бұл карточкада материалдардың қалдығы әрбір операциядан кейін шығарылып отырылады.

Айта кететін жағдай, ай соңында бухгалтерияға ондағы көрсетілген материалдардың алынғанына немесе алынып болмағанына қарамастан шектік-заборлық карточкасының барлығы тапсрылуы керек. Толық алынып болмаған материалдар үшін келесі айға жаңа лимиттік-заборлық карта жазылып беріледі. Қоймашы материалдардың қоймалық-сорттық  есеп карточкасының деректері негізінде жабдықтау бөліміне материалдардың  әр номенклатуралық түрінің қалдығы, оның тұрақты қор мөлшерден ауытқуы, көптен бері пайдаланылмай жатқан материалдар жайлы деректер беріп отырады. Қоймалық-сорттық карточканың дұрыс жүрпгізілуін бухгалтерия бақылау керек. Бухгалтерия қызметкері жиі-жиі  (апта сайын, он күнде) қомашымен қоймадағы операцияларды жүргізуге негіз болған алғашқы құжаттардың дұрыс жазылуын,  қоймалық-сорттық карточканың дұрыс жүргізілуін және карточкадағы материалдар қалдығының дұрыс шығарылуын тексеріп отыруы қажет. Карточкадағы жазылған операциялардың дұрыстығын және оны тексергені жайлы бухгалтерия қызметкері есеп карточкасының тиісті жеріне қол қояды. Қоймалық-сорттық карточкадағы жазуды тексеру, қойма меңгерушісінің бухгалтерияға материалдарды кіріске алуы кезінде тапсыратын есептердің негізінде жүргізіледі. Қойма меңгерушісінің бухгалтиреяға тапсыратын құжаттары үлгілі түрі М-18А «Құжаттарды қабылдау-өткізу құжатына» тіркеледі. Материалдарға жауапты адамның келісімі бойынша бухгалтерия қызметкері әр операцияның дұрыстығын тексергені жайында және құжатты қабылдағаны жайында карточкаға қол қояды. Мұндай жағдайда құжаттарды қабылдау-өткізу тіркелімін жасаудың керегі болмайды. Егер орталық қойма немесе цех қоймасы ұйымның басқармасынан қашық жерде орналасқан жағдайда жүргізілетін операциялардың дұрыс құжатталынуы, материалдарға жауап беретін адамның есеп карточкасын дұрыс жүргізу орталық бхгалтерияда тексеріледі. Мұндай жағдайда кіріс және шығыс ету құжаттары берілген уақыт тіркелімдермен бірге бухгалтерияға табыс етілуі керек. Кәсіпорынның орталығынан қашық жерде орналасқан қойма меңгерушісі белгіленген күні бухгалтерияға екі дана етіп материалдардың ай соңындағы қалдық тізімдемесін тапсыруы керек. Тізімдеме құрамында өзгеріс (кірісі мен шығысы) бар материалдар бойынша жасалынып, онда тек қана материалдардың сандық қалдығы көрсетіледі. Тізімдемеге цех, қойма, бөлімше бастығы және ол құжатты тотырушы қол қояды. Дұрыстығын тексеріп болғаннан кейін тізімдеменің бір данасы жіберілген қателіктер жөніндегі ескертумен қоймаға қайтарылады. Материалдардың есебін жедел оперативтік, бухгалтерлік, қалдықтық әдіспен жүргізген жағдайда қоймалық есеп карточкасымен қатар үлгілі түрі М-20 қоймадағы материалдар қалдығын есептеу тізімдемесі жүргізіледі. Қойма меңгерушісі карточкалардағы ай бойындағы жиынтық деректері бойынша материалдардың келесі айдың бірінші жұлдызына қалған қалдықтарын осы тізімдемеге көшіріп жазады. Тізімдемеде материалдар қоймалық есепте қаралған номенклатуралары бойынша аралық шоттарға және синтетикалық шоттарға топталғаны күйінде көрсетіледі. Бухгалтерияда материалдардың қалдығы олардың жоспарланған есептеу бағасына көбейтіліп, ай аяғына қалған материалдардың жалпы соммасы анықталады. Егер пайдаланылатын материалдар номенклатуралары аз болған жағдайда материалдарды алған адамдардың қолын тек қоймалық есеп карточкасында қою арқылы босатуға болады. Мұндай карточкалар тек бір айға ғана ашылып, оған материалдардың ай басындағы қалдығы жазылады. Құрылыс ұйымдарының құрылыс басындағы бөлімшелері қоймалық-сорттық карточканың орнына ай сайын материалдардың кірісі, босатылуы және қалдығы жайлы үлгілі түрі М-А санды карточкасын толтырып есеп бріледі. Бұл есепте материалдарға жауапты адамның жауапкершілігіндегі материалдардың барлығы кіргізіледі. Берілетін есепте материалдардың кіріске алынуы, шығыс етілуі және қалдығы алғашқы құжаттар негізінде көрсетіледі. Құрылыс бөлімшелері құрылысқа жұмсалған материалдарға босату құжатын толтырмайды. Сондықтан да олардың бухгалтерияға берген есеп мәліметтеріне құрылысқа пайдаланылған материалдардың алғашқы құжаты тіркелмейді.