Ұлы географиялық ашылымдар

Ұлы географиялық ашылымдар Европаның шаруашылық өміріне терең өзгерістер енгізді. “Дүние Жүзілік рыноктың шұғыл кеңеюі,- деп жазды Маркс,- айналысқа түскен товарлардың алуан түрде көбеюі, Азия өнімдері мен Америка қазынасына иелік етуге ұмтылған Европа ұлттарының арасындағы бәсекешыластық, отарлық система – міне осының  бәрі өндірістің феодалдық шеңберінің бұзылуына елеулі түрде әсер етті”.

Географиялық ашылымдар  алайда, барлық жерге бірден және біркелкі әсер етпеді. Бұл жерде географиялық ұлы ашылымдардың маңызды екі нәтижесіне ( бірақ олардың маңызын асыра айтудың керегі жоқ) тоқтап кеткен жөн, олар: Батыс Европаның шеңберлерінде сауда жолдарының , сауда орталықтарының ауысуы және бағалардың революциясы дейтін еді. Европаның Индиямен қарым- қатнастары ұлғайтылып , өмір жаңа жолдармен жүргізілді, сондай-ақ Жаңа Дүниемен байланыстар да орнатылып , үсті-үстне дами түсті. Осыған байланысты Европа үшін жерортатеңіздік сауданың маңызы төмендеді және теңізшілердің ар жағындағы елдермен Европаның сауда- саттық жүргізуінде делдалдық жасаушы итальян қалаларының маңызы да кеми түсті. XVI ғасырда делдалдық рольдерді Лиссабон мен Севилья, Антверпен қалалары атқара бастады. Бірақ бұларды тек географиялық ашылымдармен байланыстыра берудің қажеті жоқ. Егер Севилья мен Лиссабонның экономикалық маңызы өте-мөте артқан болса , ал Антверпен бұрыннан да XV ғасырдың аяғында-ақ Англиядан әкелінетін шұғаны, Германиядан келетін металдарды (қалайы, мыс, күміс) және металл бұйымдарын, Брабант пен Фландрияның жүн маталарын өткізетін маңызды халықаралық сауда орталығы болған еді. Жаңа елдердің ашылуына байланысты Индиямен сауда- саттық жасау үшін португальдықтар өздеріне керек күмісті сатып ала бастаған кезде , Антверпенде тағы да татымды жеміс пен отандық товарлардың барлық саудасы да шоғырланды. Антверпен европалық елдердің ең ірі ақша орталығына айналды, мұнда европалық елдердің купецтік және банкалық фирмалары өздерінің конторалары мен агенттерін ұстады.

Сауда мен финанс операцияларының жаңа ұйымдары – сауда және финанс биржалары дами бастады. Биржадағы келісімдер үлгілер бойынша жасалды.Баюдың жаңа түрі – алыпсатарлық етек ала бастады. Фонд биржасында алуан түрлі финансист – кредит операциялары жасалды: заемдар жасалынды, вексельдер есептелінді , ең ірі банк үздіктері мен европалық монархтардың ақша міндеттемелері қолдан – қолға өтіп отырды. Мұндағы алыпсатарлық товар биржасындағыдан аса дамымады. Товар бағаларымен қағаз ақша курстарына әртүрлі жағдайлар мен оқиғалар , соның ішінде саяси жағдайлар да ықпал етіп отырды. Сондықтан купецтер мен финансистер өздеріне керекті мағлұматтар хабарларды тез және толық түрде алып орыруға мәжбүр болды. Сауда фирмаларының агенттері жаңалық біткеннің бәрін де мұқият жинастырып ,  өздерінің қамқоршыларына толық жазып хабарлап отырды. Бұл хабарлар болашақ газеттердің бастамасы болды