Хан, халық туралы қазақша мақал-мәтелдер

Хан, халық туралы мақал-мәтелдер

Хан қарау болса, халқы ұры болады.

Халық ұйғарса, хан түйесін сояды.

Қара халыққа хан ие, қара ханға халық ие.

Хан – қарақшы,

Халық – орақшы.

Хан азарында, қарашысымен қас болады,

Би азарында, қайырымы жоқ баймен дос болады.

Хан соқыр болса,халық та соқыр болады.

Хан екі айтса қара болады; қара екі айтса, қатын болады.

Қардың басын қар алар, ханның басын хан алар.

Бидің айтқанын құл да айтады.

Әр ханның тұсында бір сұрғылтай.

Хан – қазық,

Би – тоқпақ.

Патша залым болса жұрт тозады,

Патша алым болса жұрт озады.

Халыққа аға болғанның арқасы жауыр болар.

Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол.