Зергерлік бұйымдарды әшекейлеу тәсілдері

Зергерлік бұйымдарды әшекейлеу тәсілдері туралы қазақша реферат

Зергерлік бұйымдырды әртүрлі тәсілдермен әшекейлейді. Олар: алтын және күміс жалату, оксидтеу, анодирлеу, қиыршықтау, қарайту, көркемсуреттік эмаль жағу, бедер салу.

Алтындау және күмістеу – бұл бұйымға сәнділік беріп, оларды коррозиядан сақтау үшін берік металдармен әлсіздеу металдардың гальваникалық қапталуы. Әдетте, алтын мен күміс жалатуды электролиттік тәсілмен жүргізеді. Бұл процестің мәні – бұйым сыртына оның тұзының сулы ерітіндісінен жасалған металл қабатын шөктіру. Шөгілетін металл тұзының ерітіндісі (электролит) толтырылған ваннаға алтын немесе күміс жалататын бұйымды іледі. Ванна арқылы үзілмейтін тоқ күшін өткізіп, сосын ондағы ерітіндіден бұйым сыртына шөгіліп қалатын металл (алтын немесе күміс) бөлініп шығады.

Алтындау немесе күмістеу қабаты бұйымның түріне және тағайындалуына байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, күмістен жасалған сырға, алқа, медальондардың алтын жалату қалыңдығы 1мкм, баулар үшін – 2 мкм; мельхиор мен нейзильберг тастарынан дайындалған үстелді әшекейлеу заттарының (қасықтар, шанышқылар, сүт құйғыштар, қантқа арналған қалақшалар және т.б.) күміс жалату қабаты 24 мкм.

Бұйымдар қатты, химиялық төзімді және сырты жылтыр болу үшін, родий қабатының жұқа шөгіндісін қолданады (0,25 мкм). Күміс бұйымдарға жалатылған родий қабаты оларды ауадағы күңгірттенуден қорғайды.

Оксидтеу – бұл күміс және күмістелген бұйымдарды немесе олардың жеке бөліктерін әшекейлеу мақсатында күңгірт, ал кейде ақшыл түске айналған қақпен бүркеу. Ол бұйымды ыстық күкірт ерітіндісіне салу жолымен жүргізіледі. Шеті ақшыл оксидпен көмкерілген бедерлі суреті бар бұйымдар өте әдемі көрінеді.

Анодирлеу (анодты оксидтеу) – бұл жасанды пленка алу және алюминий бұйымдарын алтын немесе басқа түстерге бояу. Ол күкірт қышқылында жүргізіледі, және де алюминий бұйымын бояуға салу жолымен орындалады. Бұйымдарды органикалық бояулармен бояйды. Анодирленген бұйымның оксидті пленкасы коррозияға төзімді және қатты келеді. Бұл бұйымдар өте сәнді және қымбат емес.

Бұйымдарды қиыршықтауды қолмен, механикалық тәсілмен және сыртын қышқылмен улау жолымен орындайды. Бұйымға сурет бойынша қолмен бедер салу кезінде, болат кескіштерінің (штихель) көмегімен әртүрлі пішінді металдарды таңдайды да, осылайша бедерленген суретті қалыптастырады. Металдың бетіне қышқылмен бедер салу кезінде, бұйымның сыртын балауыз, канифоль және асфальт топырақтарымен жауып, оның үстіне металы көрінгенше қышқылмен өңдеп сурет салады. Осылайша, қышқылдың металға әсер етуінен, топырағы кеткен жерде сурет пайда болады.

Қарайту – бұл қара эмальмен күміс бұйымына сурет безендіру. Суреттер оюланған және сюжетті болады. Қарайтып сурет салу мәнерлігі мен көркемсуреттік бағалануы бедер салу сапасына байланысты болмақ.

Кішігірім портреттік бейнелеу өнеріне арналған әртүрлі заттарды сәндеу үшін көркемсуреттік эмальдарды қолданады.  Эмаль — металл бұйымдарына және оларға арнайы пештерде күйдіру жолымен бекітілген шыны тәрізді қабат. Эмаль мөлдір және мөлдір емес, ақ және әртүрлі түстерге боялған болады. Қандай эмаль түрі болсын, оларды бейнелеу бояуларына арналған жұқа қылқаламмен жағу жолымен орындайды. Содан кейін муфель пештерінде күйдіріп бекітеді.

Инкрустирлеу – ағаш немесе металл бұйымдарының сыртқы бетінің кейбір тұстарын сүйекпен, металмен, шынымен немесе зергерлік тастармен толтыратын әрлеу тәсілі. Мысалы, осы тәсілмен жасалған халық шеберлерінің ағаш қобдишалары мен әшекей ыдыстары белгілі.

Металдардың көркемсуреттік өңделуінің тағы біріне бедер салу жұмыстары жатады. Бұл жұмысты безендірілген суретті салып қана қоймай, оған тиісті эстетикалық бағалық беретін суретші-бедершілер жүргізеді. Қолдан жасалған бедерлік жұмыстар ылғи да өте қымбат болған. Себебі, оларды дайындауға өте көп уақыт және жоғарғы сапалы қол еңбегі керек.